Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2015

977

«Ханука»

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» еврей этномәдени бірлестігінің ұлттық «Ханука» мейрамы аталып өтілді. 

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» еврей этномәдени бірлестігінің ұлттық «Ханука» мейрамы аталып өтілді.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар қауымы қатысты.

Іс – шара барысында «Маоз цур» әні орындалып, «Ханука» мейрамының тарихы баяндалды. Көрермендер арасында әртүрлі сайыстар ұйымдастырылып белсене қатысқандарға естелік сыйлықтар табысталды.

Қонақтар назарына «Ханука» мейрамының тарихы, тойлану дәстүрі көрсетілген қойылымдар ұсынылды. Іс – шара соңында әдемі шырақтар жағылып, ұлттық  тәтті тағамдар ұсынылды.

Кейін қарай