Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Мамыр, 2016

1216

Хатынь үні

9 мамыр – Ұлы Жеңіс мейрамы! Бұл – туған жерде бейбітшілікті сақтау үшін жұмсалған күш пен ерліктің, батырлық пен зор жауапкершіліктің мерекесі. Мінеки, 71 жыл бойы біз өмір, бостандық және ашық аспан сыйлаған тұлғаларға үнемі алғыс айтудамыз.

Қаза тапқан батырлардың құрметіне, сонымен бірге соғыс, еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне алғыс сезімдерін білдіру үшін 6 мамырда Достық үйінде "Радзiма" Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы "Никто не забыт, ничто не забыто..." еске алу кешін-шығармашылық театрланған қойылымын өткізді.

 Көрермендер қатарында – соғыс пен еңбек ардагерлері, студенттер және оқушылар. Әрине, тарихымыздағы сол сұрапыл күндерді жас ұрпақ біліп, есте сақтауы керек.  Қатысушылар ретінде эдвайзер Оксана Борисовна Самиеваның басшылығымен  М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері болды. Іс-шараның бағдарламасында Жеңіс туралы өлеңдер мен әндер, шығармашылық этюдтер, бейнероликтер, Хатыньда болған қайғылы оқиғалар туралы баяндамалар.

Барлық іс-шаралар бізді жаудан қорғау үшін шайқасқа түскен,  өз өмірлерін қиған батыл сарбаздарға деген махаббат, қадірлеушілік, ризашылық сезіміне толы болды. Іс-шараның соңында қыздар «День Победы» әнін орындады. Залда отырғандар қосыла кетті, ал ардагерлер көздеріне жас алды. Кейін ардагерлерге де сөз кезегі келді, олар соғыс кезіндегі жоқшылық туралы, өмір бойы естерінде қалған оқиғалар жөнінде айтып берді.

Барлық ардагерлерге қызыл қалампыр гүл шоғы мен мерекелік ашық хаттар сыйға берілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі күніне – қырғи қабақ және талқандаушы соғыстағы ұлы жеңіске арналған іс-шара осылайша өтті.  

   

 

 

 

Мария Татаренко

«Радзiма» белорус этномәдени бірлестігінің төрайымы 

Кейін қарай