10 Тамыз, 2016
1982
КММ-сі «Ақ орамал» акциясы басталды
«Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ oрамал» республикалық акциясын өткізуге бастама жасады.
Қазақтардың тарихында ақ орамалдың философиялық мағынасы терең.
Ақ түс – тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді; бұл – адамзат өмірінің негізі – ананың ақ сүтінің түсі; бұл – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі.
«Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.
Акцияның мақсаты – елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.
Неке сарайы ғимаратында ағамдағы жылдың 5 тамызында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі «Ақ орамал» акциясы аясында жас жұбайлардың некесін тіркеу кезінде жас келіндерге көп балалы ардақты аналардың ақ орамалдар сыйлау іс-шарасын өткізді.
Ақ орамалды сыйлау үшін өңіріміздегі құрметті батыр-ана – Саталиева Ақан апа шақырылды. Анамыз ақ батасын беріп, жас жұбайларға отбасылық бақыт, сонымен қатар жас ұрпақ үшін үлгі болып, этностық, діни және әлеуметтік айырмашылықтарға қарамастан, бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін ынталануын тіледі.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті