07 Ақпан, 2019
1137
Кокшетаудағы Достық үйіне биыл 5 жыл толады
2014 жылы Көкшетау қаласында ашылған Достық үйі жанында «Шаңырақ» тілдерді үйрету мектебі құрылған болатын. Түрлі ұлт өкілдерінің балалары өздерінің туған тілі, салт-дәстүрлерімен, көпұлтты республикамызда тұрып жатқан өзге де ұлттардың ерекшеліктерімен етене жақын таныса алады. Достық үйінде қазіргі күні тоғыз тілді меңгеруге мүмкіндік бар. Дәстүрлі сабақтардан бөлек, сынып сағаттары, ашық сабақтар, мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оларға этномәдени бірлестіктер өкілдері, балалардың ата-аналары шақырылады. Осындай күндері қонақжай Достық үйінің қабырғасында түрлі тілдерде өлеңдер мен әндер, халықтық билер орындалады. Әрбір оқушы өзін Қазақстан халқы мүшесі ретінде сезінеді.
«Мен инғұш тілінен сабақ бере отырып, өзім білетін барша білімді өз шәкірттеріме толық жеткізуге тырысамын. Біздер вайнахтардың мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеп, өз ұлтымыздың салттарын сақтаймыз. Сабақтарға 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жастар келеді. Айта кетерлігі, қазіргі кезде әрбір инғұш отбасында өз туған тілдерінде сөйлей бермейді, бірақ оны меңгере бастау ешқашан кеш емес. Тек осылай ғана біз өз мәдениетіміз мен ерекшелігімізді сақтап қала аламыз», – дейді «Шаңырақ» тілдерді үйрету мектебі оқытушысы Тамара Дударкиева.
Ең кішкентай оқушылармен инғұш тіліндегі өлеңдер мен әндер жаттату істері жүргізіледі, осылайша олар әдебиет пен өнер әлемін таниды, олардың кеңпейіл, көпшіл, керемет дүниені бағалай алатын жандар болып жетілетіндеріне мүмкіндік тіады.
«Мен өз елім – Қазақстан Республикасына - туған тілімде сөйлеу ғана емес, өзімнің тілімді, мәдениетімді насихаттау мүмкіндігін бергені үшін зор алғыс білдіремін. Қазақстанда тұратын әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі бар, олардың әрбіріне даму үшін толық мүмкіндіктер жасалған. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды, мен ана, ұстаз ретінде жастарға міндетті түрде білім алып, белсенді өмірлік ұстанымда болуды, өмірден өз орындарын табуды, осылайша Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуларына шын көңілден тілектеспін», – деп сөзін қорытты Т. Дударкиева.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды