Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Сәуір, 2014

892

Колледждер мен ЖОО-лар арасындағы «Ассамблея бірлікке бастар жол» мега-жобасының басталды

Ағымдағы жылғы 28 ақпанда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының білім, жастар саясаты басқармаларының бастамасымен Ақан сері атындағы колледжде 

Ағымдағы жылғы 28 ақпанда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының білім, жастар саясаты басқармаларының бастамасымен Ақан сері атындағы колледжде «Ассамблея бірлікке бастар жол» мега-жобасы  бастау алды.

Бұл іс-шараға білім, жастар саясаты басқармаларының өкілдері, «Ақмола кәрістері этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы М. А. Чжен,  «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» ҚБ төрағасы А. А. Суховецкий және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы ғылыми-талдау орталығының мүшесі Ә. Қ. Ахетова шақырылды. Іс-шараның барысында этномәдени бірлестіктердің төрағалары М. А. Чжен, А. А. Суховецкий және ҚХАА ҒТО мүшесі Ә.Қ.Ахетова сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар арасындағы этносаралық келісімді, бірлікті сақтаудағы, толеранттылық сезім мен демократиялық мәдениетті дамытудағы ролі мен маңызы туралы айтып берді.

Іс-шараның соңында «Достық кітабы» салтанатты жағдайда Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжге тапсырылды. Бұл кітапты колледждер мен ЖОО-лардың оқушылары мен студенттері Қазақстан халқының бірлігі күні өткенге дейін өздерінің алған әсерлерімен толтырулары қажет. 

Іс-шара колледждің шығармашылық ұжымдарының концертімен жалғасты, ол осы күні ерекше әсер еткен шаттық көңіл мен отансүйгіштік сезімнен туындағын қуанышты толықтыра түсті.

                                                                   Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығы 

Кейін қарай