30 Сәуір, 2015
1489
«Конфессияаралық диалог және діни толеранттылықты қалыптастыру» сессиясы
29-30 сәуір күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Жастар ортасындағы диалогты дамыту және мәдениетаралық толеранттылық кеңістігін қалыптастыру» мектебі аясында «Конфессияаралық диалог және діни толеранттылықты қалыптастыру» атты сессиясы өтті.
29-30 сәуір күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Жастар ортасындағы диалогты дамыту және мәдениетаралық толеранттылық кеңістігін қалыптастыру» мектебі аясында «Конфессияаралық диалог және діни толеранттылықты қалыптастыру» атты сессиясы өтті. Мектеп жұмысына Өскемен қаласындағы ШҚМУ, ШҚМТУ, МЭСИ-ның Өскемен қаласындағы филиалының, ҚАЕУ-нің студенттерінен құралған командалар қатысты.
Семинар модераторы Нелли Краснобаева тыңдаушыларға конфессияаралық және этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы айтып, мектеп жұмысының мәнісімен және оның ерекшеліктерімен таныстырды. МЭСИ Өскемен қаласындағы филиалының кафедра меңгерушісі Оксана Морозова дінді әлеуметтікмәдени феномен ретінде түсіндірсе, ал ШҚМТУ ҚХА және ӘГП кафедра меңгерушісінің орынбасары Гүлнәр Жаңабаева діннің негізгі элементі ретінде діни сана-сезімнің қалыптасуына тоқталды. ШҚО діндерді зерттеу орталығының діни жағдай мониторингі және талдау бөлімінің жетекшісі Ольга Гайко Шығыс Қазақстандағы діни палитраның көпқырлы екенін нақтылы сипаттап берді. Бірінші күнгі теориялық бөлімді ШҚМТУ профессоры Лилия Столярова аяқтады.
Келесі күн ШҚМТУ доценті Элеонора Столярованың әлеуметтік феномен ретінде толеранттылық ойлау туралы дәрісін оқыды. Ал ШҚМТУ аға оқытушысы Сәуле Уәлиева жастарды Қазақстандағы аралас некедегі адамдардың діни жеке басын куәландырумен таныстырды.
ШҚМТУ профессоры Александр Алексеенконың пікірталас алаңын өткізу арқасында, студенттер тек білім ғана алып қойған жоқ сонымен бірге пікірталас тудырудың әдісі мен үлгісін үйренді.
Бұдан кейін жұмыс топтармен жүргізіліп, оның қорытындысы баяндамалар үлгісінде ұсынылды, ал соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі