Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қараша, 2016

969

«Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстел

21 қарашада Орал қаласындағы Достық үйінде «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Аталған дөңгелек үстелде Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Борамбаев, Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінің нормативтік және құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Мұрат Садықов, БҚО прокуратурасының экстремизмге және терроризмге қарсы тұру саласындағы қадағалау бөлімінің басшысы, КазУИиТС құқықтық зерттеулер институтының директоры  «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі», «Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заңымыз», «ҚР Конституциясының адам және азамат құқығы мен бостандығын жүзеге асырудағы маңызы мен рөлі» деген тақырыптарға сөз сөйледі.

Қазақстанның көпұлтты халқы бірлігінің заңды түсінігі, азаматтық құқығы мен бостандығы туралы, қазақстандық азаматтық берегейлікті қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі ретінде ҚР Конституциясының негізін балалық шақтан бастап оқып-үйретуді енгізу туралы, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы туралы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және теңдігінің кеңеюі туралы мәселелер талқыланды.

Іс-шараны өткізуге БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен, облыстық әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің, этномәдени бірлестіктердің, адвокатураның, нотариалдық палатаның, медиаторлардың, кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, жеке сот орындаушылары палатасының,   еңбек инспекциясының, БАҚ-тың өкілдері қатысты.

БҚО әкімі аппаратының 

«Қоғамдық келісім» КММ

Кейін қарай