31 Тамыз, 2016
911
КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ
Үстіміздегі жылдың 29 тамызында Достық үйінде облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері, ғалымдар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Н.Мыңжас қатысушыларды мерекемен құттықтап, ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы - бүкіл Қазақстан халқы, Ата заңның: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп басталуы көпұлтты еліміздің бірлігінің мызғымас формуласы екендігін атап өтті.
Дөңгелек үстелде қала әкімінің орынбасары Н.Жәлиев, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Т.Лесеров, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты А.Мадалиева баяндама жасап, Конституцияның тарихынан бастап, еліміздің жеткен жетістіктері, бағындырған белестері жайында әңгімеледі.
Сонымен қатар, қатысушылар Ата заңымыздың еліміздегі негізгі Заң ретінде маңыздылығына және қажеттілігіне қатысты өз ойларын білдірді. Мемлекеттің мызғымастығын сақтап, елімізді биік шыңдарға жетелеу біздің қолымызда деп, Ата заңды құрметтеуге шақырды.
Іс-шараны облыстық ассамблея хатшылығының бас инспекторы, А.Сағымбай қорытындылап, бірлік пен қоғамдық келісім саясатын жүзеге асыруда облыстық ассамблея құрылымдарының мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасауы қажеттігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады