01 Қыркүйек, 2016
783
Конституция күні - Олимпиада жеңімпаздарымен бірге.
30 тамыз бүкіл Қазақстан халқы үшін маңызды күн, бұл күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Биылғы жылы Өскемен қаласында Конституция күнін мерекелеу айтулы оқиғамен - олимпиадашыларымыздың елге қайтып оралуымен ерекшеленді. Әуежайда спортшыларды, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада қатысушылары Ольга Рыпакованы, Екатерина Смирнованы, Денис Улановты, Евгений Лабутовты, Ирина Смольникованы және Элина Михинаны қала тұрғындары гүл шоқтарымен және ыстық ықыласпен қарсы алды. Кездесуге әуежайға көптеген қала тұрғындары, олардың арасында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, қаланың спорттық топтары және чемпиондарымыздың жақын туыстары мен жанкүйерлері жиналды.
Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара Республика алаңында жиналған жетекші кәсіпорындар, банктер, қалалық жоғарғы оқу орындары мен колледждердің өкілдерінің қатысуымен басталды. Дәстүр бойынша, мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің шығарылуымен және әнұранның орындалуымен ашылды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала тұрғындарын мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде: «Бұл күн бүкіл қазақстандықтар үшін өте маңызды күн, 25 жыл бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрып келуде»,- деді облыс әкімі. Сондай – ақ, Даниал Ахметов Рио-2016 Олимпиадалық ойындарында жақсы нәтиже көрсеткен олимпиадашыларды құттықтап, Ольга Рыпаковаға темір тұлпардың кілті мен 50 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы, ауыр атлет Денис Улановқа екі бөлмелі пәтер және басқа да Олимпиада қатысушыларына облыс әкімінің жылдық стипендиясы сертификаттарын сыйлады.
Мереке бүкілхалықтық тойлаумен, спорттық жарыстармен, әртүрлі көрмелермен және конкурстармен жалғасты. Өскемендіктерге сахнада қаланың және этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, сонымен қатар, Республикамыздың тыс жерлерінде де танымал болып жүрген «Ладушки» ансамблі, корей этномәдени бірлестігінің «Торади» вокалдық группасы, өзге де танымал ұжымдар мен әншілер өнер көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10