31 Тамыз, 2017
991
Конституция күні құтты болсын!
2017 ж. 29 тамызда Қазақстан Жазушылары одағының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «Азат елдің ар-намысы – Ата заң» атты салтанатты іс-шараны өткізді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жетекшісі Балғымбаев Назар Албанұлы, Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жетекшілері, балалар мен олардың ата-аналары қатысты.
Іс-шара Қазақстан республикасының әнұранынан басталды. Одан кейін, «Ахыска» түрік ұлттық орталығының төрағасы» Касанов Усейн Исмиханович, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жетекшісі Балғынбаев Назар Албанович, Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, Өзбек ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары Уралбаев Абдухалил Абдураимович сөз айтты. Олардың барлығы Конституцияның мемлекет тәуелсіздігін күшейтіп, сақтаудағы маңыздылығына көңіл бөлді.
Іс-шара барысында әнші Пулат Маликов сияқты халық әртістері мен бишілері өнерін көрсетті. Іс-шара бағдарламасына салтанатты бөлім, алғыс хаттарды беру мен концерттік бағдарлама кірді.
Сонымен бірге, «Мектепке жол» акциясы аясында іс-шараға әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан 70 бала шақырылды. Оларға жолдорбалар мен кеңсе керек-жарақтары берілді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекетік мекемесі.
Дата события ассамблеи: 31.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті