31 Тамыз, 2022
692
Конституция күнін атап өтті
29 тамыз күні Көкшетау қаласы Бұқпа шоқысының бақылау алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұйымдастырушы – «Қазақстандағы орыс, славян, казак ұйымдары қауымдастығының» Ақмола облысындағы филиалы.
Оған облыстық қауымдастық мүшелерінен басқа Шымкент қаласынан келген қонақтар қатысты. Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының әнұранын бірге орындады, сонымен қатар «Атамекен» әнін орындаған ОСКҰҚ тобының вокалисті Сәбит Шағатовпен бірге ән айтты.

Іс-шараға қатысушыларды келе жатқан мерекемен ОСКҰҚ облыстық филиалының төрағасы Геннадий Осиненко, Дала өлкесі казактар одағы Ақмола бөлімінің атаманы Иван Громов және басқалар құттықтады.
Қатысушылар арасында ұйымдастырушылар ҚР Негізгі заңын білуге арналған викторина өткізді, білгірлерді естелік сыйлықтармен марапаттады.

Шара соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. ОСКҰҚ вокалдық студиясының мүшелері Татьяна мен Ольга Кулыгиндер, Татьяна Король, Венера Хан, Сәуле Лаубаева Қазақстан туралы қазақ және орыс тілдерінде патриоттық әндер шырқады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті