29 Тамыз, 2025
77
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
2025 жылғы 29 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция барысында отандық және шетелдік сарапшылар Конституцияның бірлік пен келісім құндылықтарын нығайтудағы рөлі, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, демократиялық институттарды дамыту және Мемлекет басшысының бастамаларын іске асырудағы негізгі бағыттарды талқылады.
Аталған конференция конституционализм мен мемлекеттік саясат саласындағы пікір алмасу және жаңа тәсілдерді айқындау үшін маңызды алаңға айналды.
Ерекше назар барлық азаматтардың этникалық немесе діни ерекшеліктеріне қарамастан теңдігіне кепілдік беретін Конституция нормасына аударылды. Бұл қағидаттар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің негізін құрап, қоғамдағы достықты, өзара сенімді және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
«Елтану» ғылыми-зерттеу институтын құру туралы меморандумға қол қойылды
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті