Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2017

1066

Конституциялық реформа бойынша талқылауд қорытындылауға арналған Республикалық Бірыңғай күн

 

10 наурызда БҚО ҚХА Достық үйінде Конституциялық реформа бойынша талқылауд қорытындылауға арналған  Республикалық Бірыңғай күн аясында отырыс өтті.  

Талқылауға БҚО ҚХА барлық құрылымдық бөлімшелері, БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының және жастар қанатының мүшелері, этномәдени бірлестіктер, дін басылар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, кәсіпкерлер, ұйымдар мен әртүрлі партиялар басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Іс-шара модераторы БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов болды.

Алдағы реформа біздің дамуымыздың қисынына және қазіргі заманғы даму қисынына сүйенеді. Негізгі мәні – Президент өзінің кейбір өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке береді. Мықты президенттік тікелей билік бізге мемлекет құрудың орасан зор қиындықтарынан шығу кезінде қажет болды. Өкілеттіктерді табыстауды сәйкесті заңдарды өзгерту арқылы қамтамасыз етуге болады. Үкімет пен Парламентке беруге болатын 40-қа жуық өкілеттік бар. Ұсынылатын шаралардың маңыздылығын есепке ала отырып, бүкілхалықтық талқылауға жарияланған және сәйкесті Жарлық шыққан конституциялық реформалар жобасы шығарылды. Бұның бәрі елдің болашақ дамуына жауап береді және 100 нақты қадам атты Ұлт Жоспарының Бес институционалдық реформасына сәйкес келеді. Реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өз сөзінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универститетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Захот Көшкенбайқызы Мухлисова 2017 жыл конституцилық реформа өткізуді қажет ететін уақыт деп атап өтті. 

 «Бұған біздің елімізде болып өткен үлкен өзгерістер себеп болды, бұл жоспарлы экономиканың нарықтық экономикаға көшуі, әлеуметтік-экономикалық даму, көппартиялы Парламент. Енді сот, атқарушы және заң шығарушы билік арасында белгілі бір теңгерім қажет. Ел Президентінің өз өкілеттіктерінің бір бөлігін Үкімет пен Парламентке беруі тәртіптің күшеюіне және қоғамның одан да артық демократиялануына әкеледі. Жоғарда айтылғандардан шығатыны, біз әрине Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған конституциялық реформасын қолдаймыз, - деді ол.

Кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы, «Ынтымақ» депутаттық тобының басшысы Максим Валерьевич Пак жаңа конституциялық өзгерістердің біздің ортақ мақсат «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға бағыт алған, көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің нығаюына мүмкіндік береді. Кәріс этномәдени бірлестігінің мүшелері Н.Ә.Назарбаевтың конституциялық реформасын бірауыздан қолдайды.

Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, «Бірлік» саяси партиясының облыстық филиалының төрағасы Амангелді Ғазизұлы Баянов, татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Флюра Ириковна Миликеева, қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Борис Сидорович Чебаков конституциялық реформаларды қолдай отырып, мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді Үкіметке беру жауапкершілікті нығайтып, Үкімет пен Парламент рөлінің арттырады, қазіргі заманның сын-тегеурініне неғұрлым тиімді жауап беру механизмінін аттыратынын атап өтті. Жалпы алғанда, реформа неғұрлым тиімді, орнықты, елді қазіргі заманғы басқару жүйесін құруға мүмкіндік береді. 

Кейін қарай