Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Мамыр, 2015

1276

Корей асханасының шеберлік сыныбы

26 маусым күні Өскемен қаласындағы «Квансон» Қазақстан-корей колледжіне Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чо Ёнгчон мырзаның келуі құрметіне арнап, Шығыс Қазақстан корейлер ассоциациясы, барлық тілек білдірушілерге корей халқының ұлттық асханасымен  таныстырудың  бірегей мүмкіндігін жасады. Сонымен бірге  шараға елшінің жұбайы Ли Кёнгсук ханым, Елшіліктің екінші хатшысы Пак Чжу Йон ханым, Денсаулық сақтау индустриясын дамытудағы корей институтының  ТМД бойынша тұрақты өкілі Чой Чжун Хи мырза қатысты. 

Осыдан жарты жыл бұрын облыстағы корейлер қауымдастығының жұмысы аясында оқу орнының базасында «Корей асханасы»  курсы ашылған болатын.  Бұл күні «Тамақтануды  ұйымдастыру» курсының  тыңдаушылары шетел делегациясының және кәріс этномәдени бірлестігі өкілдерінің алдында аспаздық шеберліктерін көрсетуде барын салды. Шара барысын комиссия мүшелері, колледждің әкімшілігі, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының корей этномәдени бірлестіктерінің өкілдері  бақылап отырды.

Сондай-ақ шара барысында Елшінің жеке аспазы, делегация мүшесі  Ха Хынгсу мырза қатысушылар алдында азпаздық өнерін көрсетіп, шеберлік сыныбын өткізді. Бұнда курсты аяқтаған тыңдаушылар,  корей халқының дәстүрлі ұлттық тағамдарының қыр-сырын бір адамдай-ақ меңгергендіктерін көрсетті.

Кәріс этномәдени бірлестігінің «Торади», «Инсонаре» шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды. Курсты  бітіру туралы сертификаттарды тапсыру салтанатын «Квансон» колледжінің бас директоры Н.Кан өткізді. Ол шараға қатысушыларды құттықтап, ізгі тілегін білдірді, ал  келген  көрермендерге корей халқының мәдениетіне көңіл бөлгендері үшін алғысын айтты.

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» баспасөз қызметі

Кейін қарай