18 Маусым, 2015
843
Корей келін
Ауданда өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысатын Өсербаевтар отбасы бүгінде алғалықтарға жақсы таныс.
Ауданда өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысатын Өсербаевтар отбасы бүгінде алғалықтарға жақсы таныс.
Қазақта ырыс-несібесі артып, шаңырағы шаттыққа толған үлгілі отбасылар көп-ақ. Сондай отбасылардың қатарына Елтай мен Ларисаның шаңырағын да қосуға болады. Бастапқыда корей қызымен бас қосып, шаңырақ көтеруі тума-туыстар үшін тосын жаңалық болды. Бүгінде Лариса қазақы салт-дәстүрді берік ұстанатын, қашан көрсең де басынан орамалын тастамайтын ибалы келін атанды.
Оларды Елтайдың туған жері — Алға табыстырды. Бүгінде бір-біріне бауыр басқан ерлі-зайыптылардың шаңырағында қыздары Алина мен Аянат өсіп жатыр. Елтай мен Лариса балаларының бойына екі ұлттың салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін қатар дарытып, тәрбиелеуде. Бүгінде Өсербаевтар отбасының иелігіндегі «Аялина» кафесінің аты осы қыздарының есімімен сәйкес қойылыпты.
— Мереке күндері біз отбасымызда мерекелік дастарқан жаямыз. Бұл күні қазақтың ұлттық тағамдарын дәмдеп әзірлеуге тырысамын. Дастарқанда міндетті түрде корей тағамдары да қойылады. Өйткені жұбайым корей тағамдарын сүйсініп жейді. Қазақта той көп. Ал корейлердің өмірінде үш маңызды мереке бар. Олар — баланың бір жасы, жастардың үйлену тойы және ата-ананың 60 жасы. Осы мерекелерді лайықты тойлауға тырысамыз.
Ларисаның айтуынша, корейлерде бала бір жасқа толған күні оның алдына екі кесе бұршақ қосылған пісірілген күріш, сондай-ақ, түрлі заттарды, яғни кітап, қайшы, ақша, жіп және қалам қояды. Содан соң баланы орындыққа отырғызып, оның алдына қойылған заттардың бірін таңдауын тағатсыздана күтеді. Корейлердің салтында, егер бала кесе толы күрішті таңдаса, онда оның өмірі тоқшылыққа толы болады. Корейлер жіп — өмірінің ұзақтығын, қалам — жазушы, қайшы — өз ісінің шебері деп ырымдайды. Ал егер бала қолына кітап алса, онда ол болашақта оқымысты болсын деп тілек айтылады.
Елтайдың «Өсербай» шаруа қожалығын құрғанына биыл — 10 жыл. Шаруашылық бау-бақша өнімдерін егумен айналысады. Күзгі жәрмеңкелерде алғалықтарды жергілікті арзан өніммен қуантатын шаруашылық иесі ауданда ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларға да өз үлесін қосып жүр. Соның бірі — биыл қыста Өсербаевтар отбасы Тамдыдағы екі зейнеткердің отбасына қолғабыс көрсетті. Зейнеткерлер Ғалиахмет Сұлтанов пен Иван Петров үйлеріне жұмсақ жиһаз бен үлкен шам әкелген кәсіпкердің бұл ісіне ризашылықтарын білдіріпті.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, әрбір қазақстандықтың салауатты отбасын құрып, мемлекеттің дамуына үлес қосқаны маңызды. Олар аралас неке өзге ұлттың салт-дәстүрін, мәдениетін терең танып-білуге ықпал ететінін айтады.
Рамиля ИБРАГИМОВА,
Алға ауданы.
«Ақтөбе» газеті 18 маусым 2015 жыл №76-77
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Шымкентте корейлер қауымдастығының 35 жылдығы атап өтілді
-
АЛМАТЫДА КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ САЛТАНАТПЕН ӨТТІ
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Марат Әзілханов корейлік ЭМБ өкілдерімен кездесті
-
Атырауда корей тілі фестивалі өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Шымкентте корейлер қауымдастығының 35 жылдығы атап өтілді
-
АЛМАТЫДА КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ САЛТАНАТПЕН ӨТТІ
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Марат Әзілханов корейлік ЭМБ өкілдерімен кездесті
-
Атырауда корей тілі фестивалі өтті