
07 Мамыр, 2016
945
Корея - алыс болғанымен, кәріс халқы жанымызда
Қазақстандағы шетел елшілері өздері келіп қызмет етіп, тұрып жатқан елдегі тандастарымен, олардың тілі мен салт-дәстүрлерді сақтау деңгейімен кеңінен танысу мақсатында кездесулер өткізіп тұрады. Осындай мақсатпен небәрі төрт ай бұрын тағайындалған, Корей Республикасының Алматы қаласындағы консулы Джон Сын Мин Тараз қаласына келді.
Қонақтарды Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» ғимаратында Жамбыл облысы «Коре» корей халқы Ассоциациясының мүшелері, облыстық ҚХА хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Зүбайра Сембина және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева қарсы алды.
- Міне, бұл біздің барлық этномәдени орталықтардың бірге жиналатын үлкен ортақ үйі, - деп атап өтті өз сөзінде корей Ассоциациясының президенті Анатолий Кан жоғары лауазымды бас консулға қарап. Қош келіпсіз!». Шетел елшісін ғимаратта орналасқан этномәдени бірлестіктердің мұражайымен мекеме әдіскері Дарья Бурмакина таныстырды. Аса риза болған бас консул мұражайдың құрметті қонақтарына арналған Кітапқа өзінің жақсы тілектерін жазып, қол қойды.
Кездесу мекеменің конференц-залында жалғасын тапты. «Менің Қазақстанда жұмыс істегеніме төрт ай ғана болды. Бұл елде ешқашан болмаған екенмін. Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында, сонау 1937 жылы Қиыр Шығыстан қоныс аударылған көптеген корей халқының тұратынын естігеннен-ақ, осы қалаларда болып, кездесулер өткіземін деп шештім, - деді өз сөзінде Джон Сын Мин. Кездесулер облыс әкімдерінің жылы қарсы алуларымен басталып жатыр. Мен Қазақстандағы корей ұлтының өкілдері туралы көп нәрсе біле бастадым. Ең бірінші таңқалдырғаны, ол Алматы қаласындағы корей театры. Ол Корей түбегі аумағынан тыс жалғыз мемлекеттік театр болып есептеледі екен. Сонымен қатар корей және орыс тілдерінде шығатын, Қазақстан мен Корей елдері туралы жаңалықтарды мезгілінде жариялап отыратын «Коре ильбо» газетінің бар екені таңқалдырды. Ең бастысы Қазақстан мемлекеті корей халқының өз ана тілі мен мәдениетін сақтап қалуларына мүмкіндік жасайтындары қуантады».
Корей Республикасының Бас консулы Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Киммен, өнеркәсіп, банк, денсаулық және білім салаларында қызмет атқарып жатқан көптеген белгілі адамдармен кездескенін де айтып өтті. «Оларға таңданысыммен құрметімді білдіремін» деді ол. «Қазақ елінің 80 жыл бұрын, еркінен тыс, қоныс аударылған корей халқын құшақ жая қарсы алғанын білеміз. Олар қазір осы елде өте тамаша өмір сүруде. Мен, осы елде қызмет атқарып жатқан уақытымда екі елдің халқының тату-тәтті өмір сүруі үшін билік және ҚХА өкілдерімен жиі кездесіп тұрамын. Осындай белсенді ынтымақтастыққа деген үміт білдіремін», - деді Бас консул.
ҚХА қызметкерлері қонаққа аймақтық ассамблеяның қызметі туралы баяндап берді. «Корей ұлтын біз басқа ұлттардан бөліп-жармаймыз. Біз оларды өзіміздің жерлестеріміз деп санаймыз. Себебі біздердің отбасыларымызда корей ұлтынан келіндеріміз, күйеу балаларымыз бен немерелеріміз бар. Жастарымыз корей тілі мен мәдениетіне қызығушылық білдіреді. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универститетінде корей тілі бөлімі бар. Біздің байланысымыз бұдан әрі жалғасып беки береді», - деді Зүбайра Сембина.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті