
14 Қараша, 2017
741
Корейлердің Қазақстанда тұрғанына 80 жылдығы Таразда аталып өтті
Корейлердің Қазақстанда тұрғанына 80 жыл болуы Тараз қаласында да аталып өтті. Нақтырақ айтсақ, Достық үйінде айтулы датаға орайластырылған Этнос күні болды. Аталған іс-шараны облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен Жамбыл облысы «КОРЁ» корейлер ассоциациясы бірлесіп ұйымдастырды.
Салтанатты іс-шараға Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ Сик және Корея Республикасынан келген қонақтар: дипломатиялық істер бойынша көмекшісі Джи Юджин, Корея Республикасының Елшілігі Консулы Тэ Кен Гон; ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ким Роман Ухенович Қазақстан корейлері ассоциациясының президенті Охай Сергей Геннадьевич, Жамбыл облыстық «КОРЁ» корейлер қауымдастығының президенті Кан Лаврентий Анатольевич, сондай-ақ өңірлік кәріс этносының аға буыны мен жастары қатысты.
Іс-шараны елші Ким Дэ Сик алғысөзімен ашты. «Сіздердің қалаларыңызда ауа-райы жайлы екен. Жергілікті халық бізді қазақтарға тән дәстүрлі қонақжайлылықпен қарсы алды. Жамбыл облысында корейлердің көп бөлігі тұрады екен. Қиын-қыстау кезеңде этникалық корей халқына сыйластық танытып, көмек көрсеткені үшін қазақ халқына алғысымды айтамын», -деді ол.
Жамбыл облысы «КОРЁ» корейлер қауымдастығының Президенті Кан Лаврентий корейлердің тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне 1937 жылы келгенін айта келе, биылғы 2017 жылдың маңыздылығына тоқталды.
«Біз корейлердің Қазақстан жеріне қоныстануының 80 жылдығына орайластырылған іс-шаралар кешенін өткіздік. Менің ойымша, осылайша біз қазақ жері мен халқына деген алғысымызды білдіреміз. Екі халықты онжылдықтар ғана емес, сонымен қатар ортақ тарих, мәдени және рухани байлығымыз біріктіреді. Бүгінде, Қазақстанды мекен етіп жатқан барлық этностар аяқтарына тік тұрып, Отанының әлеуметтік-экономикаоық дамуына өз үлестерін қосып келеді», - деп өз сөзін қорытындылады.
Елшінің корей этносының өкілдерімен ресми кездесуі өңірде бейбітшілік пен келісімді сақтауға елеулі үлес қосқан ақсақалдар мен құрметті азаматтарды марапаттау рәсіміне ұласты.
Осымен корейлердің этнос күні аяқталған жоқ. Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының дайындаған «Жерұйық» театрландырылған қойылымы мерекелік іс-шараның шарықтау шегіне айналды. «Баласағұн» орталық концерт залына жиналған қауым әртістердің актерлік шеберліктері, жарқын декорация мен музыкалық нөмірлерге тәнті болып қайтты.
Дата события ассамблеи: 14.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті