
30 Мамыр, 2016
946
Креативті кеш
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған аймақтық «Ақ желкен» жастар лигасы этномәдени бірлестіктер жастарымен жұмыс барысында бейресми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңа бағытта жұмыс атқарады.
Жыл басынан бері «Қоғамдық келісім» КММ-дегі жастармен жұмыс жасау әдіскері Дарья Бурмакинаның басшылығымен «Успех» атты эстетикалық тәрбие беру студиясы этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларын біріктіріп, қызықты уақыт өткізуде.
Дарья Бурмакинаның жетекшілігімен жүргізілетін «Этикет тарихы», «Ұлттық киімдердің элементтері және дресс-код», «Іскерлік келіссөздер жүргізудің «құпиялары», «Үстел басында өзін өзі ұстау ережелері» және басқа да тақырыптағы сабақтар өте қызықты өтіп, интерактивті, іскерлік және рөлдік ойындармен бекітіледі. Ал бұл өз кезегінде студияға келген әрбір қатысушының өзін еркін ұстап, өмірде кездесетін білімдерін ұштастыруға үлкен мүмкіндіктер береді.
Апта соңында өткізілген бірінші бітіру кеші «Сендо» кафесінде «Бизнес-кешкі ас» тәжірибелік үлгіде өтті. Музыка әуені жәй ғана орындалып тұрды, ал кешке, шақыру қағаздарында көрсетілгендей, киініп келген жігіттер мен бойжеткендер үстел бетінде көрсетілген арнайы тақтайшалардағы жазбаларға сәйкес өз орындарын тауып отырып жатты. Іскерлік әріптестермен бейресми кездесудегі орын таңдау, шақыру қағазын дайындау, стол мәзірінен бастап безендіру жұмыстарының мейілінше жоғары деңгейде өтуіне мән берілуі туралы студия басшысы айтып өтті. Одан кейін жиналғандар ресми, сонымен қатар достық пейілмен бір бірлерін таныстыра отырып, бизнес-кешті бастап кетті.
Пайдалы кеш соңында барлық қатысушыларға «Успех» студиясында «Іскерлік этикет» курсы бойынша дайындықтан өткені туралы сертификат табыс етілді. Олар: «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері дүнген этномәдени бірлестігінтен Жамиля Кубеева, «Шиват-Цион» еврей мәдени орталығынан Владислав Гурский және Тамара Аятчина, Жамбыл облысы неміс қоғамдастының «Ювель» жастар клубынан Виолетта Борисова мен Вероника Красильникова, татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінен Диана Шайхислямова, өзбек этномәдени бірлестігінен Ихтиер Мирзабеков, Умида Абдувахапова, Дәулет Абдуллаев және Улугбек Муксимовтар.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
Атырауда түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген мерекелік кеш өтті
-
«Жемчуга» клубы: Белсенді ұзақ ғұмыр кешудің сыры
-
«Радуга» орыс әндері ансамбліне - 2 жыл
-
Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті
-
Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
Атырауда түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген мерекелік кеш өтті
-
«Жемчуга» клубы: Белсенді ұзақ ғұмыр кешудің сыры
-
«Радуга» орыс әндері ансамбліне - 2 жыл
-
Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті
-
Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті