Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қаңтар, 2016

727

«Крещение Господне» іс-шарасы өтті

Бүгін, 19 қаңтарда қалалық Достық үйіндегі казактардың «Казачий стан» мәдени орталығының басшысы А.Г.Губановтың ұйымдастыруымен биыл екінші жыл «Крещение Господне немесе Богоявление» іс-шарасы өткізілді. Бұл - Христиан шіркеуінің ежелден келе жатқан мерекесі. Этномәдени бірлестіктің белсенділері қала тұрғындарымен бірге Затон ауданындағы дамбадағы мұз ойықта діни жоралғыларын өткізді. Қала қонақтарының сұрауы бойынша биыл тағы бір мұз ойығы жасалды. Мұздай суға сүңгіп шыққан қонақтарға ыстық шай мен ботқа ұсынылды. Іс-шара кешке дейін жалғасып, мерекенің соңы ән мен биге ұласты.

       

Қалалық Достық үйі

Кейін қарай