Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қараша, 2020

3142

«Ғұлама Абайдың мол мұрасын ғасырдан-ғасырға жеткізетін біз – жастармыз»

2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Онда журналист В.Трегубова Ұлы Абайдың мұрасын жаңғырту жастардың еншісінде екенін баса айтып өтті.

В.В. Трегубова 1998 жылы 1 маусымда Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ұлты – орыс. Қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді.

- Мен Ресейдің Ульяновск облысында дүниеге келдім. Анам – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тумасы. Мектеп бітірген соң, ілім-білім іздеп, Ресейге аттанады. Сол жақта әкемді жолықтырып, екеуі шаңырақ көтереді. Арада бес-алты жыл өткенде шешем әкемді төркініне таныстырмақ болып, Қазақстанға келеді. Әкеме қазақ елінің қонақжайлылығы ұнағаны соншалық, біз Ресейге қайтып оралмадық.

Выросла я в маленьком селе Уланбель, там же получила знания на казахском языке. А мой брат знает государственный язык лучше меня. И когда нам нужно, посекретничать от домашних мы, переходим на казахский язык. За это они в шутку зовут нас «Нағыз қазақтар». Хоть и течет во мне русская кровь, душа у меня казахская. Поэтому всегда и везде представляю себя как «русская казашка».

Нұрсұлтан Әбішұлы!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымыз түгенделіп, қайта жаңғырды.

Вы всегда подчеркивали большой вклад этносов в развитие экономики, социальной сферы и культуры Казахстана. В этом году реализован проект «Вклад казахстанских этносов в общее историко-культурное наследие народа Казахстана». В нем имена Радлова, Бельгера, Брусиловского и других. Они одинаково близки всем казахстанцам, и входят в золотой фонд нашего единства.

Құрметті Президент!

Сіз бастаған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған поэтикалық челленджге 1000-нан астам түрлі этнос жастары белсене қатысты.

Мои друзья из молодежного движения Ассамблеи «Жаңғыру жолы» буквально наполнили социальные сети стихами, словами, песнями Абая. Благодаря Абаю, казахский язык сплотил нас – молодежь разных этносов.

Абай шығармашылығына деген махаббатымды осы бір өлең жолдарымен паш еткім келеді.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Ғұлама Абайдың мол мұрасын ғасырдан-ғасырға жеткізетін біз – жастармыз. Ендеше Абайды бірге оқиық, бірге зерттеп-зерделейік, бірге таниық!

Кейін қарай