
11 Ақпан, 2016
895
Ластівка, лети!
Рождественко селолық округының «Ластівка» украин этномәдени бірлестігінің онжылдығына орайластырылған мерейтойлық концерт өтті.
Мәдениет үйінің фойесінде қонақтарды кітапханашы Ирина Голованова дайындаған қолданбалы өнері және украин ұлттық тұрмысының бұрышы қарсы алды. Слайд-шоу украин орталығының тарихын бейнеледі. Залдағы атмосфера өте жылы ниетті болды. Мерейтой иелерін тек қана Рождественка тұрғындары емес, достары да, әріптестері де құттықтады. Бір сөзбен айтқанда, «Ластівка» шығармашылық өміріне бей-жай қарамайтын адамдар келді. Мысалы, мерейтойлықтарға Роза Шамкенқызы қонаққа келді. 2006 жылы Рождественко ауылында украин орталығы ашылған кезде Роза Шамкенқызы Павлодар ауданы әкімінің орынбасары болған, қазір ол Павлодар қаласының ішкі саясат басқармасы бөлімінің басшысы.
«Біз этномәдени бірлестігін құрған кезде, басынан бастадық, костюмдер болған жоқ, орталық мектеп кітапханасының кішкендай үй-жайында паналады, жастар, әсіресе ер адамдар жетіспеді. Бүгінгі күні оның жетістігіне сүйсіне қараймыз. Ұлттық костюмдері мол, әндері мен билері әралуын, ал жастар қойылымдарға белсене қатысады – деді Роза Шамкенқызы. - Мен «Ластівка» бірлестігіне жетістік, әрдайым алға қарай ұмтылуын, әрдайым бірге болуын, жастар аға буынның кеңесін тыңдауын, бірлікті сақтауды тілеймін. Әрдайым мәдениеттің осындай өзара түсіністігі болсын», – деп ол өз тілегін айтып сөзін қорытындылады.
Мерейтой иелеріне айтылған жылы лебіздер мен тілектер сол кезде Рожденственко ауылдық округының әкімі және украин ұлттық-мәдени орталығының ашылуының бастамашысы болған Нина Чуланованың атынан да айтылды.
Украин халықтық әніне деген сүйіспеншілік әр түрлі кәсіптегі және әр түрлі жастағы адамдарды біріктірді. Он жыл ішінде «Ластівка» қанатын жайды – ол ауылдық, аудандық және облыстық конкурстардың тұрақты қатысушысы, олардан жиі жеңіспен оралып отырды. Ұжымның басты мақсаты – халықтық дәстүрлерді жандандыру, шығармашылық мұрасын және украин халықының өнерінің ерекшелігін сақтау.
Рожденственко ауылдық округының қазіргі әкімі Оралбек Қапенов және аудандық Мәдениет үйінің директоры Риза Аяпбергенова мерейтой иелерін құттықтап, сыйлықтарын, украин этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне Құрмет грамоталарын және алғыс хаттарын табыс етті.
Сондай-ақ, шақырылған қонақтардың арасында Ақсу қаласынан «Криницы» вокалдық ансамблі, Ефремовка ауылынан корей этномәдени бірлестігі және Ольгина ауылынан белорус ұлттық-мәдени орталығы болды.
Асемгүл Сүйіндікова
«Нива» Павлодар аудандық газеті
Смағұлова Нәзигүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
-
Ақтөбенің 150 жылдығына жастар арасында зияткерлік турнир ұйымдастырылды
-
Астананың 20 жылдығына орай өткен «Астана - достық шаңырағы» облыстық форумы
-
«Келбеті көркейген Қызылорда» акциясы
-
«Достығымыз жарасқан» концерттік бағдарламасы
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
-
Ақтөбенің 150 жылдығына жастар арасында зияткерлік турнир ұйымдастырылды
-
Астананың 20 жылдығына орай өткен «Астана - достық шаңырағы» облыстық форумы
-
«Келбеті көркейген Қызылорда» акциясы
-
«Достығымыз жарасқан» концерттік бағдарламасы