18 Сәуір, 2018
1544
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы
18 сәуірде Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру талабы» атты семинар өтті.
Семинарға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ЭМБ жексенбілік мектептердің оқытушылары және БАҚ қатысты.
Іс-шараның мақсаты – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшу маңыздылығы және «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау. Әлемдік тілде мәдениет деңгейін арттыру, саяси, мәдени сана-сезім мен этносаралық толеранттылыққа қатысты өкілдеріне басқа да этностар мен діни конфессиялардың құрметпен қарауды қалыптастыру, тарихи-мәдени дәстүрлеріне барлық халықтардың қарым – қатынасын нығайту.
Бүгінгі таңда латын қаріпі - әлемдегі ақпараттық, ғылыми және технологиялық алфавит. Қазақ тілін реформалау Қазақстанға тұрақты қоғам құруға және елдің әлемде танылуын арттыруға мүмкіндік береді.
Семинарды ашқан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Жанбырбай Қағазбаев:
«Біздерге жай ғана білім алу мұрат емес, шетелдік әріптестерімен кез-келген теке-тіреске түсе алатын, керек десеңіз олардан ойы, таным-түйсігі жағынан оқ бойы озық тұратын, бәсекеге қабілеттілікті арттыра алатын сапалы біліммен қаруланымыз керек. Қазір балаларға, студенттерге арналған арнайы ғылыми-зерттеу орталықтары құрылуда. Ондағы мақсат: «Смарт орта» құру, яғни ақылды адамдар, ақылды қалалардың бой көтеруіне негіз қалайды. Сондай-ақ, біз өзіміздің брендімізді, трендтерімізді ойлап табуымыз қажет. Мұның барлығы қоғамдық сананы руғани жаңғыртуға апаратын даңғыл жол болып табылады. Сондықтан да, кез-келген қолға алған жұмысымыздың нәтижелі болуы үшін, барлық ынта-шынтамызбен кірісіп, неғұрлым жұмыс сапасының жоғары болуы үшін барлық күш-қайратымызды жұмсауымыз қажет», – деп атап өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты