
25 Қазан, 2019
4398
Өлең жазуды серік еткен ақынжанды ұстаз Санжар Ғұлама туралы үзік сыр
Өлең жазу өнерін өн бойына Тəңір дарытса да, оның кереметін көркейтіп, ажарын аша түсу - кезекті кейіпкердің міндеті. Қолына қалам алып, қағазға көңіл шерімен қоса, қоғам дертін түсіріп жүрген түркістандық ақын Санжар Ғұламаның есімі əлеуметтік желіде бүгінде көш бастап тұр. Ұлты өзбек болса да, жүрегі «қазақ» деп соққан Санжардың мамандығы мұғалім болғанымен, өзі қара өлеңмен егіз. Поэзия сүйер қауымға кеңінен таныс болу үшін Санжар туралы аз-кем ақпар ақтарсам.
Орда бұзар отыздан асқан жас тырнақалды туындысын небәрі 3 сыныпта жазған екен. Бозбала жүйрік қиялымен талай мүшəйраларда оза шауып, бәйгелерде қарсыластарын шаң қаптыратын. Жоғары оқу орнынан «ағылшын тілі» мамандығын алғаннан соң, дереу қызметке орналасып, мәртебелі маман иесі атанып та үлгерді. Мұның бір дəлелі «Шығармашыл, тəжірибелі ұстаз», «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерін таққаны. Жазудан бас алмайтын ақын жігіт «Əлем Халықтары Жазушылары Одағының» мүшесі. Санжар өңірдегі өткір тақырыптарды көтеріп, түйткілдің түйінін тарқату жолында мерзімді басылымдардан қол үзген емес. Нәтижесінде ҚР Журналистер Одағына мүшелікке енеді. Оның 2010 жылы «Тылсым дүние қасиеті» тақырыбында аударма кітабы жарық көрген.
Бүгінде көпшілікке «Ғұлама» тегімен танылған жас ақын əлеуметтік желілердегі парақшаларында тыңнан түлен түрген тақырыптарымен ерекшеленіп келеді. Өлеңдерінің басым бөлігі қоғамның көлеңкелі тұстарына арналады. Өзіндік ойы қалыптасып, жазу стилі жүйеленген. Желіде халық «ə» дегеннен-ақ Санжардың туындыларын таласа-тармаса оқып, үздіксіз пікір қалдырып отырады. Көбіне «Ана» тақырыбына қалам тербейтін жас ақын кезінде «Алаңдама, апа сен, алаңдама» өлеңі арқылы өзі өлім мен өмір арасында жатып, анасына рухани күш бергенін жиі тілге тиек етеді.
Өмірлік тұлғасы Мұхтар Шахановты пір тұтатын Санжар отбасындағы ұлттық құндылық пен тəрбиені тереңнен толғай білетін ақын. Оның 2015 жылы «Айтыңдаршы, осы мен қандай жанмын?» тақырыбында жеке шығармышылық кеші өтті.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Санжар Ғұлама қай тақырыпта болмасын қисыннан өлең өріп, поэзияның жілігін шағатыны жасырын емес. Махаббат майданына еніп, елдің болашағына бас ауыртар, бүгіннің мəселесіне базына айтар сөз шебері . Оны ақынды ардақтаған əрбір Алаш азаматы Санжардың əлеміне еніп, дәлелдеп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді