Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қыркүйек, 2018

1682

ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

6 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Достық үйіне барған кезінде Л. Прокопенко медиация кабинеттерінің және этномәдени бірлестіктерінің жұмысымен танысты.

Одан кейін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірлік ҚХА мүшелерімен кездесу өтті.

Хатшылық меңгерушісі кездесуге қатысушыларға «Қазақтану», «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобаларын іске асырылуы туралы айтып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Ұлы дала елі киелі мұрасы» жобасының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысының ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің алдына қойған міндеттері туралы айта келе, Л. Прокопенко кездесуге қатысушылардың назарын Қазақстанның дамуының маңызды шарты — бұл халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз ету, елдегі барлық әлеуметтік-саяси, экономикалық реформаларды жүргізу үшін оның ықпалдасуы деп атап өтті.

«Биылғы жылы біз Солтүстік Қазақстан облысында республикалық қоғамдық келісім кеңесін өткізгіміз келеді, онда Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасын» қоғамдық бақылау мәселелері талқыланатын болады. Бұл халықтың аз қамтылған топтарына салынатын салық жүктемесін төмендетуге, жатақханалар салуға және білім беру гранттарын бөлудің тиімділігіне қатысты болады», — деді ҚХА басшысының орынбасары.

Атырау облысының әкімі атап өткендей, өңірде Мемлекет басшысы бастамашы болған «Өз еліңді таны» жастар бағдарламасын жүзеге асыру жоспары белгіленген. Бұл идея бүкіл ел бойынша жастарға жыл бойы экскурсия ұйымдастыру болып табылады.

«Атырау облысы ҚХА этномәдени бірлестігі төрағаларының бірі Олег Шмаль осы қозғалыс аясында «Ата-бабалар жолымен» атты жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл идея Қытайдан Батыс Еуропаға дейінгі жаңа «Жібек жолының» ең ұзын бағыты бойынша жүріп өту болып табылады. Жобада шетелдік қатысушылар үшін Қазақстанның маңызды, киелі жерлеріне бару бағдарламасы қарастырылған. Атырау облысынан осы бағыттағы жүздеген жастарды біріктірген жарқын жобалардың бірі — Қазақстан бойынша «Менің елім» атты жыл сайынғы республикалық АВТО-мотошеруі жүзеге асырылды», — деді Нұрлан Ноғаев.

«Мен сіздің экспедицияыңызға қызығушылықпен қатысар едім. Мұндай жобалар өз ауқымымен жақсы. Қазақстан тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, шетелдік туристердің назарын аударатын көрікті жерлерге бай. Сондықтан да қазақ халқының қонақжайлылығы мен жайдармандығы туралы адамдардың көбірек білгені маңызды», — деді Леонид Прокопенко.

Кездесуде жақын арада жаңа Достық үйінің құрылысы басталады деп айтылды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама толығымен аяқталды, жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сондай-ақ ҚХА төрағасының орынбасары жақын арада еліміздің барлық аймақтарында этномәдени бірлестіктердің қоғамдық аккредитациясын өткізу жоспарланғанын хабарлады.

Этномәдени бірлестіктермен кездесуден кейін Л. Прокопенко Махамбет ауданына барып, облыстық «Сарайшық» тарихи-өлкетану мұражайының жұмысымен танысып, ҚХА аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесті.

7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысына қатысып, Л. Прокопенко елде медиация институтын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Кез келген қақтығысты шешу барысында азаматтардың ымыраға келуіне дайындығы азаматтық кемелдік пен жауапкершіліктің көрсеткіші болып отыр. Медиация құқықтық мәдениет деңгейін арттырады, қоғамдық тұрақтылық пен барлық әлеуметтік құрылым жайлылығын, қоғамда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуын қамтамасыз ете отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бір», — деді Леонид Прокопенко.

Сондай-ақ ол: «Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылдан бастап елімізде медиация институтын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді», — деді.

Бүгінде бұл жұмыс сапалы жаңа деңгейге шықты. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласында медиацияны дамытуға жәрдемдесу — Ассамблеяның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында көрініс тапқан басым бағыттарының бірі, бұл 2018 жылдың 27 сәуірінде өзгертілген «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген құқықтық норма.

Медиацияның әлеуметтік рөлі туралы айтатын болсақ, Ассамблеяның өзі «ұлттық сананың әр түрлі полюстерін» татуластыра отырып, Қазақстан этностары арасында үйлесімді қарым-қатынас жасай отырып, олардың біртұтас халыққа бірігуін қамтамасыз ете отырып, этносаралық қатынастар саласындағы медиативтік функцияларды әуел бастан орындап, атқарғанын мойындамауға болмайды".

Л. Прокопенко қорытындылай келе, бүгінде Ассамблея қоғамдық медиаторлардың сапалы пулын және Республикалық электрондық тізілімді құру, әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алудың, шешудің тиімді тетігі ретінде медиация институтын дамытуға ықпал ету сияқты маңызды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғанын айтты.

 

Барлық облыстарда, аудандар мен ауылдық округтердегі ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ және достық үйлерінде 907 медиация кабинеті ашылды. Медиативтік рәсімдерді барлық деңгейде өткізу үшін қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңестерінің алаңдары пайдаланылады.

Қоғамдық медиаторлардың жалпы саны 3 169 адамды құрайды, бұл 2016 жылдың 1 маусымына (1097) қарағанда 3 есе көп.

Ағымдағы жылдың 6 айында келіп түскен өтінімдер саны 16 386 құрайды, оның ішінде 5 786 кеңес беру кезеңінде рұқсат етілді, 10 600-нен медиативтік келісім жасалды.

Қазіргі уақытта аймақта Атырау облысы ҚХА 87 Қоғамдық келісім кеңесі бар, оның ішінде: 75-і аналар кеңесі, 1 ғылыми-сараптамалық топ, журналистер клубы және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы. Осы жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының облыстық филиалы 2000-нан астам іс-шара өткізді, оған 210 000-ға жуық адам қатысты.

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз. 

Дата события ассамблеи: 07.09.2018

Кейін қарай