Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Наурыз, 2016

782

Үлесіміз бір

Биылғы жылы бастау алып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына бағытталған  республикалық «25 игі іс» акциясы кеңінен аталып өтуде.

Қайырымдылық акциясы аясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен «Ақ желкен» жастар лигасының көшбасшылары «Донор күніне» орай қан тапсырды. «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Әлихан Ахметов:

- Бұл іс-шараға қатыса отырып, біз, жастар, «25 игі іс» акциясына өз үлесімізді қосамыз деп білеміз. Себебі бір тамшы қанның өзі талай науқас адамның өмірін сақтауға көмектеседі. Алдағы уақытта біздер қалалық, ауылдық жерлерде қайырымдылық концерттер ұйымдастырып отырамыз деп шештік. Одан түскен қаржыларды оба ауруына шалдыққан  балалардың еміне жұмсаймыз.

№2 қарттар мен мүгедектер үйіне Жамбыл облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің мүшелері барып қайтты. Олар мерекелік дастархан жайып, көркемөнерпаздар ұжымдары концерттік бағдарламарын ұсынды. «Шәй үстінде» өткен кездесуге қарттар көптеп жиналып, алғыстарын білдіріп жатты.

- Бұл былтырғы жылғы «20 игі іс» акциясының жалғасын тапқан биылғы Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «25 игі іс» акциясы аясында өтіп жатқан бірінші іс-шарамыз емес, - дейді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева. – Жыл басынан басталған осындай игі іс-шаралар балаларға арналған арнайы мектептерде де жалғасын тауып жатыр. Ондағы балаларға арналып көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламаларын тамашалап, балаларға сыйлықтар тараттық. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастары қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек  көрсету мақсатында қайырымдылық концертін ұйымдастырып, түскен қаражатқа киім, аяқ киімдер мен азық-түліктер сатып алынды. Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық іс-шараларды жалғастырсақ деп мақсат қойып отырмыз, себебі осындай игі шаралардың арқасында көптеген жерлестерімізге қол ұшын созуға мүмкіндік туып отыр.       

   

   

         «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.

 

 

Кейін қарай