29 Сәуір, 2016
1171
Үлкен ел – үлкен отбасы. Жарайсың, Шахноза!
Бүгінде әр жерлерде өтіп жатқан көркемөнерпаздар байқаулары, фестивальдар мен концерттер өте көп. Ал мына оқиға еліміздің мәдени өмірінде ерекше орын алып отыр. Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Ақтөбе қаласының Достық үйінде «Қазақстан - достықтың мекені» атты фестиваль болып, онда біздің тараздық жерлесіміз Шахноза Мачинова өз өнерімен көрермендерді тәнті етті.
Екі күн аралығында өткен фестивальге еліміздің аймақтарынан көптеген этномәдени орталықтарының көркемөнерпаздары қатысты. Фестивалді ашу чех мәдени-ағарту орталығы көркемөнерпаздарының орындауындағы көпке танымал, көңілді «полькамен» ашылды. Атыраудан келген татар-башқұрт этномәдени орталығының «Татулық» хореографиялық ансамблі, ақтаулық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының әншісі Ислам Музаев, Батыс Қазақстаннан келген «Арарат» армян этномәдени орталығының көркемөнерпаздар ұжымы, Ақтөбенің украин этномәдени орталығының «Барвинок» балалар ансамблі және тағы басқалар өз өнерлерін көрсетті.
Жамбыл облысынан келген «Вынхуа» дүнген этномәдени орталығының әншісі Шахноза Мачинова фестиваль ұйымдастырушылары мен қазылар алқасын өз өнерімен тәнті етті. Шахноза - былтырғы жылы Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Отаным» атты республикалық байқаудың қатысушысы. Бұл фестивальде біздің кішкентай жұлдызымыз дүнген ұлтының «Кухэ» әнін орындай отырып, фестивальге қатысушылардың арасында жалғыз өзі қазақша «Ахау, керім», «Смет» әндерін ерекше орындап, көрермендердің ілтипатына ие болды. Жалпы Шахноза - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде виолончель-бас қобыз класы бойынша білім алып жатқан студент. Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і мен «Вынхуа» этномәдени орталығы ұйымдастырып отыратын әртүрлі байқаулары мен фестивальдерде Шахнозаның өнері ерекше аталып, марапатталып өтеді.
Ақтөбеде өткен ұлттық әндер мен билердің фестивалі Қазақстандағы әртүрлі этномәдени орталықтарды бір шаңырақтың астына жинап, патриоттық сезімге бөледі. Фестиваль гала-концертпен ақталып, қатысушылардың барлығы дипломдармен марапатталды және оларға бағалы заттар табыс етілді. Ал біз өз кезегінде Шахноза Мачинованың алдағы уақытта биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады