Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Ақпан, 2016

876

Үлкен отбасындағы жаңа жыл

Өткен аптаның сенбі күні облыстық драма театрының көрермендер  залы үлкен шаттықпен, көңіл күймен көрермендерге лық толды.  Жамбыл облысы «Коре» кәрістер Ассоциациясы және республикалық мемлекеттік комедиялық кәрістер сазды театры Тараз қаласының тұрғындарына, қонақтарына бірінші рет жаңа ай кестесі бойынша «Сольналь» жаңа жыл мерекесін атап өтуіне орай «Үлкен отбасында жаңа жыл» театрландырылған қойылымын ұсынды.

Бес мыңнан аса кәріс ұлтының өкілдері өздерінің салт-дәстүрлері мен әдеп –ғұрыптарын, мәдениетін сақтай отырып, кейінгі ұрпақтарына беріп келеді. Ақпан айында алыс шығыс және оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері жаңа күнтізбе бойынша жаңа жылды өздерінің сүйікті мерекесі ретінде атап өтеді. Мерекелік дастархан дайындайды, аулаларын және үйлерін безендіріп, мерекелік киімдерін киеді. Үлкендерге құрмет көрсетеді, бір-біріне, достарына, көршілеріне ұзақ ғұмыр, денсаулық тілектерін айтады.

Біздің кәріс ұлтының өкілдері іс-шараға өздерінің жақын достары – облыс ҚХА жанындағы этномәдени бірлестік өкілдерін қонаққа шақырды. Жиналған қауымды «Сольналь» отбасылық мерекесімен Жамбыл облысы «Коре» кәрістер ассоциациясының президенті Кан Лаврентий құттықтады. Облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуов өз сөзінде: «біздер бірге жұмыс істеп, бірге демаламыз, айтулы мерекелерді бірге атап өтеміз», - деп жиналғандарды мерекемен құттықтады. Облыс ҚХА хатшылығының меңгерушісі және оның өкілдері елімізде тұратын 120-дан аса ұлтар мен ұлыстар қасиетті мекенде татулықта өмір сүріп жатқанын, олардын өз тілдерінде еркін сөйлеуге, ұлттық салт-дәстүрлерін, әдеп –ғұрыптарын сақтауға  мүнкіншілік бергендігін атап өтті.

Концерттік бағдарлама кәріс фольклорының сахнада таңғажайып үлкен көлемдегі күлімсіреген айдаһарлардың,  басқа да аңыздағы кейіпкерлердің бейнелерін көрсетумен басталды. Көптеген көрермендер кәріс ұлттық оркестрінің әр түрлі дауылпаз аспаптармен ойнаған өнерлерін бірінші рет көріп тыңдады. «Премиум» вокальдық тобы және театр әншілері кәріс халқының халықтық әндерін және қазіргі әндерін тамылжыта орындап көремендерге қазақ әндерінен де шашу шашты, балет тобы би өнерін көрсетті, «Самульнори» фольклорлық-этнографиялық тобының орындаған әндері көрермендердің де көңілінен шықты.

Өнер шеберлерін жамбылдықтар ұзақ қол шапалақтаумен қолдап, шоқ-шоқ гүлдер ұсынды және қатысушылар жаңа жылдық дастарханда басқосу үшін өз үйлеріне тарқасты.

   

                                                                                     

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз

қызметі

     

 

Кейін қарай