27 Тамыз, 2015
760
ҰЛТ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУ
2015 жылғы 27 тамызда Конституциямыздың 20 жылдық мерекесіне орай, Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдерімен «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асырудағы жастардың ролі» тақырыбына кездесу ұйымдастырылды.
2015 жылғы 27 тамызда Конституциямыздың 20 жылдық мерекесіне орай, Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдерімен «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асырудағы жастардың ролі» тақырыбына кездесу ұйымдастырылды. Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Қ.И.Секербаев кездесудің модераторы болды.
Кездесуге астаналық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, жастар қанатының жетекшілері, Астана қ. ҚХА хатшылығының қызметкерлері, мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері қатысып, азаматтық сәйкестілікті нығайтудағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағдарламасын, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы ролін, бұл үдеріске жастардың қатысуының маңыздылығын талқылады.
Департамент өкілдері «Қазіргі заманғы, кәсіби, дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға» қатысты бірінші институционалдық реформаны іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан жобаларға баса назар аударып, «Аталған реформаны жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын негізгі таратушылар болып табылатындықтан, халық игілігіне қызмет атқаратын, барынша кәсіби мемлекеттік қызмет жүйесін жасаудың басымды бағыт екеніне»; «Біздің негізгі міндетіміз - азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің өзара іс-қимылдары тиімді әрі қолданыстағы заңнамалар шеңберінде болатындай етіп басқаратын кәсіби аппарат жасау» қажеттігіне назар аударды.
Астана қалалық ҚХА хатшылығының бас маманы Г.Тайгокова жастар өкілдерін Ұлт жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды. «Сіздер біздің болашағымызсыздар, сондықтан тәуелсіз, егемен мемлекетіміздің әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі сіздердің қолдарыңызда болғандықтан, қазірден бастап бәсекелестікке қабілетті болуға дайын болуларыңыз қажет. Ол үшін тек сөзбен емес іспен көріну керек»,- деп жастарға бағыт берді.
Кездесу барысында жастар мемлекеттік қызметке орналасу мәселелеріне көп қызығушылық танытып, өздерін мазалап жүрген көптеген сұрақтарын қойып, департамент қызметкерлері оларға егжей-тегжейлі жауап берді.
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
тел: +7707-310-53-54
WhatsApp-8-777-310-53-56
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты