11 Қараша, 2015
4169
Ұлттық ұлан әскери институтында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері курсанттармен кездесті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдық құрметіне өткізілетін іс-шаралардың аясында 2015 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери институтында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері курсанттармен кездесті.

Бүгінде Қазақстан негізгі бағдары саяси мәдениетті қоғамды сақтау, қазақстандықтардың достығы мен бірлігін нығайту болып табылатын үлгі боларлық тұрақты, бейбіт мемлекет. Қазіргі уақытта жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын этностардың тарихына, мәдениетіне, тіліне деген құрмет пен қастерлеу сезімін дағдыландыру маңызды міндет болып табылады. Осындай алғысөзбен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камильевич сөз сөйледі.
Сондай-ақ кездесуге қатысушыларды Қазақстан халқы Асссамблеясының жылымен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Әсемгүл Найманқызы Есқожа құттықтады. Өзінің сөзінде ол Әскери институт қызметкерлерінің аймақтағы этносаралық қарым-қатынасты үйлестірудегі зор үлесін атап өтті және жүргізіліп жатқан жұмысы мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясымен белсенді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
Іс-шараға СҚО ҚХА жанындағы «Ассамблея» корпоративтік қорының директоры Наталья Геннадьевна Хан қатысты. Ол өзінің сөзінде қордың қызметіне, өткізілген іс-шараларға және негізгі міндеттеріне тоқталды.
Әскери институт курсанттары дайындаған концерттік бағдарлама өзінің шығармашылық алуан түрлілігімен таң қалдырды: халық билері, әртүрлі тілдегі әндер, өлеңдер мен аспапты композициялар - осының бәрі қазақстандықтардың достығы мен келісімінің айғағы. Қазақстан халқы ассамблеясының атынан жарқын хореографиялық қойылымдармен «Қуанамын» халық биінің студиясы, сондай-ақ әзірбайжан мәдениеті орталығының мүшесі Мәлік Ахундов өнер көрсетті.
Іс-шара соңында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожа және кәріс орталығының мүшесі Наталья Хан құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты