
02 Сәуір, 2016
3693
Ұлттық тағамдар фестивалі
Ағымдағы жылдың 30 наурызында Алматы қаласындағы Достық үйінде «Наурыз мейрамы» мерекесі және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық тағамдар фестивалін өткізді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қалалық этномәдени орталықтар, Аналар кеңесі, студент және оқушы жастар мен басқа да шақырылған қонақтар қатысқан іс-шара Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдарымен таныстыру, ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілік пен құрметке, ұлтаралық келісім мен төзімділікке тәрбиелеу мақсатында жүргізілді.
Фестивалді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ни Любовь Августовна, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасары, ҚХА хатшылығының төрағасы Абдалиева Маргарита Абубакировна, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович құттықтау сөздерімен ашты.
Фестиваль басталмастан бұрын қаланың этномәдени бірлестіктері тек қана дастархан жазып, тамақ әзірлеп қан қойған жоқ, сонымен қатар, олар қонақтар үшін ұлттық киімдерін киіп, билері мен әндерін айтып, концерт қойды.
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық, музыкалық ұжымдары Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасары Ни Любовь Августовнаның қолынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар алды.
Салтанатты іс-шарадан соң қаланың этномәдени бірлестіктерінің ұлттық тағамдары ұсынылды.
Көп ұлтты Қазақстанның асханасында ұқсас тағамдар аз емес, бірақ әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі сақталады.
Мәдени орталықтардың дайындағын тағамдары ұлттың дәстүрі мен мәдениетін көрсетуші құрал болып табылады. Және оның ерекшелігін жоғалтып алмау шарт.
Фестивальда тағамдармен танысу мен оның дәмін тату барысында Қазақстанның көп ұлтты әрі тату халқының ұлттық, дәстүрлі және мерекелік асханасымен танысуға мүмкіндік берілді.
Іс-шараның барлық қатысушылары халықаралық достық пен әлем халықтарының ұлттық дәстүрі мен мәдениетін насихаттау мен құрметтеуге, оны нығайту мақсатында фестиваль қалалық жыл сайынғы мерекеге айналады деген сенімін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
сегодня, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
сегодня, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті