31 Тамыз, 2015
5695
Ұлттық тағамдар фестивалі өз жалғасын табуда
Тамыздың 31 жұлдызында Павлодар қаласында ұйғыр мәдениетінің күні аясында ұлттық тағамдар фестивалі өткізілді. Той Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы мерекелерімен орайластырылды.

Тағамдар мерекесіне облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің белсенділері мен облысымыздың барлық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары шақырылды. Салт бойынша барлық қонақтарды той иесі – «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Әрсен Тұрдиев қарсы алды.
Ас әзірлеу және тамақтану дәстүрі ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Әр ұлттың тағамдары өзіне ғана тән дәмімен, ал тамақтану дәстүрі көптеген ғұрыптарымен ерекшеленеді. Ежелден бері ұйғыр халқы ас әзірлеуге және оның дәміне ерекше көңіл бөлген. Олардың арасында еттен және дәнді дақылдардын дайындалатын тағамдардың орны ерекше болған. Сонымен қатар, ұйғыр халқының тамаша қасиеттерінің ішінде қонақжайлылықты ерекше атауға болады. Үйге келген қонақтар өзімен бірге құт-береке әкеледі деп саналады. Сол себепті, қандай жағдай болса да қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алу дәстүрге айналған.
Бұл күні де барлығы осыған сай болды! Қонақтарды ұйғыр тағамдарының атақты аспазы Елған Маетов қуантты. Лағман, жусай және асқабақ қосылған манты, сюғаш, тілсай, белихсай және пачахсай салаттары – бұл, дастарханға қойылған тағамдардың тек бір бөлігі ғана. Мереке барысында аспаз ұйғыр тағамдарының дайындалуының қыр-сырымен, тәжірибесімен және құпияларымен бөлісті. Оның айтуы бойынша ұйғыр халқының мәзірінде лағманның орны ерекше. Осы орайда қамырды дұрыс дайындаудың маңызы зор. Барлық технологиялық талаптарға сай дайындалған қамырдан ғана нағыз ұйғыр лағманы дайын болады.
Мерекелік іс-шараға Алматы қаласынан келген Қазақстан эстрадасының жұлдыздары «Дервиши» тобының қатысуы кешке ерекше сән берді. Олар барлығына таныс және барлығы сүйіп тыңдайтын әндерден шашу шашып іс-шара қонақтарының ықыласына ие болды. Ал керемет композицияны ұлттық киімдерін киіп мың бұралған облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің «Эвришим» би тобының сұлулары толықтыра түсті.
Айта кететін жайт, ұлттық тағамдар мейрамы бір реттік өткізілетін іс-шара емес. Жаз айларында Павлодарда көптеген халықтардың фестивальдері өткізілді. Олар – қазақ, армян, неміс, белорус және өзбек халқының тағамдарының күндері. Ал бүгін Әрсен Тұрдиевтің басшылығымен облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастырған береке, бірлік, жомарттық фестивалі лайықты дәрежеде өз жалғасын тапты.
Павлодар облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
медиа қамтамасыз ету бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті