Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Сәуір, 2017

760

Ұлттық жаңғыру – ел болашағының негізі

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде  Достық үйінің мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға бағытталған Бірыңғай республикалық күн аясында «Ұлттық жаңғыру – ел болашағының негізі» тақырыбындағы сараптамалық кездесу өтті.

Мақсаты - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау, ой-пікір бөлісу.

Кездесуге облыстық және Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары, Текелі қаласындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, белсенділері, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі,облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы қатысты.

Кездесуді Алматы облысы Қазақсатан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай жүргізді. Облыстық ҚХА хатшылығының бас маманы С.Сұрабалдинова негізгі баяндаманы жасап, мақаланың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Нұрмұхамбет, облыстық қытай этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Мазова, облыстық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы О.Жақиянов сөз сөйлеп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қолдау білдірді.

Кейін қарай