16 Қазан, 2017
989
Ұлы достық музейіне 85 жыл
Биыл Түпқараған ауданының құрылғанына 25 жыл толды. Осы мерекемен қатар, Маңғыстауда алғаш ашылған Тарас Григорьевич Шевченко атындағы мұражайға 85 жыл толды. Бұл мейрам Форт-Шевченко қаласында үлкен салтанатпен аталып өтілді.
Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары М.Н. Сқақов, Қазақстандағы украин диаспорасының өкілдері, Т.Г. Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің мүшелері, шығармашылық топ өкілдері, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысты.
Мақсат – екі ел арасындағы достық көпірді нығайту.
Түпқараған ауданының әкімі А.Т. Тыйылұлы бастаған топ мерейтойға арнайы шақырылған меймандарды ыстық ықыласпен қарсы алып, ұлттық сусын - шұбат пен бауырсағынан дәм татқызды. Кейін қонақтар мұражай кешеніне барып, Тарас ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Іс-шара барысында Тарас өлеңдері қазақ, орыс, украин халықтарының тілінде оқылып, мұражай қоры ақынның кітаптарымен толықты. Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің бірінші хатшысы Коваль Владимир Михайлович ақын өмірі мен шығармашылығын қазақ-орыс тілдерінде оқығысы келетін оқырман үшін аудандық орталық кітапхана қорына да кітаптар табыстады.
Сондай-ақ, арнайы қонақтардың құрметіне «Достықта жоқ шекара» атты концерттік бағдарлама ұсынылып, украин этномәдени бірлестігі украин халқы атынан мұражай кешенінде қызмет еткен бір топ азаматтарға және аудан басшылығына ілтипатты алғыстарын білдірді.
- Бүгін бізде үлкен мереке. Тарас Григорьевич Шевченко атындағы мұражай ашылғанына 85 жыл болды. Жақында ғана 80 жылдығын тойлаған едік, арада, міне, 5 жыл өтіпті. Бұл музейдің біздің ұрпағымыз үшін маңызы зор. Осындай ұлы есімдердің сақталуына, өнеге болып қалуына өз үлестерін қосқан азаматтардың барлығына алғысым шексіз. Бұл мерекеге жан-жақтан қонақтар келуде. Барлығы да қазақ халқының даналығына тәнті болып, алғыстарын білдіруде. Екі ел арасындағы ең құнды дүние – достық екені сөзсіз, - дейді Т.Г. Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрайымы Т.С. Лесниченко.
Дата события ассамблеи: 16.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті