Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Мамыр, 2015

1558

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау бойынша АҚПАРАТ

2015 жылғы 6 мамырда «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ибрагимова Рахиля Абдулвахитқызы, «Алматы облыстық орыс орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Котельникова Лариса Леонидовна және этномәдени орталық мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлері Егембердиев Ғайыс  Егембердіұлы, Щучкина Мария Антоновна және Шапошников Вениамин Федоровичті  «Асар» акциясы аясында келе жатқан Ұлы  Жеңістің   70 жылдық мерейтойымен құттықтып, қал-жағдайларын сұрады. Этномәдени бірлестік мүшелерімен сұхбаттасу барысында ардагерлер өз тараптарынан соғыста бастан өткізілген оқиғаларын, отбасына қатысты жағдайларды айтты.

Егембердиев Ғайыс  Егембердіұлы осы жылы 90 жасқа толуын, отбасын құрғанына 60 жыл және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетіндігін айтып, өзінің «Жарық дүниеге іңкәрлік» және «Ауылымның ардақтылары (Ә.Сәйдінәсімұлымен бірлесе жазған) кітаптарымен таныстырды. 

2015 жылғы 11 мамырда  облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері соғыс ардагері  Шапошников Вениамин Федоровичтің  ауласын тазалау жұмыстарын жүргізбек. 

Аталған шаралар қатары сиреп бара жатқан қарияларға жасалатын  қамқорлықтың аз ғана бөлігі болып табылады. 

 

Кейін қарай