16 Мамыр, 2015
817
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті
Биылғы жылдың бастауы өзіндік маңызымен ерекшеленіп, ол республикамыздың барлық аймағында үлкен салмақты істердің орындалуына негіз қалады. Бұл тұрғыда еліміздің бас қаласы-Астананың орны бөлек екені айдан анық. Сондай шаралардың бастаңғысына айналған «ҚХА 20 жылдығына-20 игі іс» жер-жерде атап өтіліп, мызғымас бірлігімізді тағы бір мәрте паш етті. Елордамыздағы татар-башқұрт мәдени орталығы «Лад» республикалық славян қозғалысы филиалымен бірлесіп, 2015 жылдың 6 мамырында «ҚХА 20 жылдығы» акциясы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған салтанатты мерекелік кештің өткізілуіне бастамашы болды.
Бұл мерекелік кеш «Агидель» мейрамханасында өткізіліп, майдангерлер мен тыл ардагерлеріне арнайы дастархан жайылды. Кеш барысында соғыс жылдарында колхоз, совхоздарда, зауыттар мен фабрикаларда және тылда еңбек еткендердің Ұлы Жеңісті жақындатуға айрықша үлес қосқаны айтылды.
Кештің қадірменді қонақтарын құттықтауға келген Парламент Мәжілісінің депутаты З.А. Саяпова, Астана қалалық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л.С. Кусаинова, Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі, Ресей Федерациясы Елшілігіндегі гуманитарлық топтың жетекшісі Е.В. Лысенко, Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі жетекшісінің көмекшісі С.К. Журавлев, Татарстан Республикасы Өкілетті өкілінің орынбасары О.К. Ульданова, «Лад» республикалық славян қозғалысы филиалының төрағасы Н.В. Шепелюк пен «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы С.С. Героев жүрекжарды лебіздерін білдіріп, олардың ерен ерлігін ешқашан ұмытпайтындарын жеткізді.
Осы кеште концерттік бағдарламаның көрігін қыздырған татар-башқұрт мәдени орталығының өнеріне жиналғандар тәнті болды. Өнерпаздар көпшілік білетін соғыс кезінде қазақ, орыс және татар тілдерінде шырқалған әнді де нәшіне келтіріп орындады. Орыстың халық әні «Малиновка» да шырқалды.
Майдангерлер ән айтылып жатқан сәтте орындарынан тұрып, биледі. Осылайша бейбіт өмірді бізге сыйлаған жандардың кеші өте қызықты өтті.
Салтанатты кеште Ұлы Жеңіс иелеріне сыйлықтар табыс етілді.
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
тел: +7707-310-53-54
WhatsApp-8-777-310-53-56
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды