30 Маусым, 2017
1018
«МӘДЕНИ АШЫҚТЫҚ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ»
2017 жылғы 30 маусымда Тәуелсіздік сарайында Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының «Мәдени ашықтық – бейбітшілік пен келісімнің негізі» атты азаматтық форумы өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, АӨСШК елдері - Әзербайжанның, Түркияның, Ресейдің, Тәжікістанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Арменияның және басқа мемлекеттердің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Пленарлық бөлім аяқталған соң Форум жұмысы форсайт-сессиялармен жалғасты:
- «Өзара әрекеттестік жолдары: ниеттестік және жаңғыру»;
- «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»;
- «21 ғасырдағы ақпараттық ағындар: мультимәдени көрінісі».
Форум шеңберінде ұйымның 25 жылдығына арналған «АӨСШК сәті» фотокөрмесі мен АӨСШК елдері - ұлттық-мәдени орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ форум қатысушылары этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. ҚР Ұлттық музейінде орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясы және полиэтносты Қазақстан тарихы залындағы «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» экспозициясымен танысып, «Киіз үй» концепттік моделін көрді. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерболат Төлепайдың көрмесін тамашалап, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесін аралады.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді