02 Маусым, 2017
1050
«Мәдени дәстүр мен халық қолөнерін жаңғырту»
Бүгін Достық үйінде «Аманат» бағдарламасы аясында «Мәдени дәстүр мен халық қолөнерін жаңғырту» атты көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау. Маңғыстау облысын мекендейтін барлық ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, облыс қолөнершілерінің шығармашылық жұмыстарын бейнелейтін туындыларын іріктеп, ең мықтыларын «Әлем кілемі» панносына енгізу үшін жекелеген бұйымдарды қабылдап алу.
Аталған іс-шараны Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекетік мекемесінің ұйытқы болуыменмен елге танымал этнодизайнер Ырза Тұрсынзада ұйымдастырды.
Көрмені тамашалауға «Аманат» сыйлығының ұйымдастырушысы, «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорының президенті Зәуре Беисова, өңірлік «Іскер әйелдер қауымдастығының» мүшесі, «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Пания Сармурзина, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Аманкүл Жайылханова, Маңғыстау тарихи-өлкетану мұражайының директоры Тамара Жұмалиева, «Нұр Отан» партиясы филиалының орынбасары Қадиша Оспанова, этномәдени бірлестік өкілдері және жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдері, мәдениет қайраткерлері, облыстың кәсіпкер әйелдері және танымал этнодизайнер Ырза Тұрсынзаданың тегін сабақтарында шеберлігін шыңдаған қолөнершілер қатысты.
«Әлем кілемі» панносына енгізуге «Видергебурт» неміс ЭМБ мүшелері Маргарита Клее мен Галина Борисовнаның, «Чосон» корей ЭМБ мүшесі Зоя Цхайдың, Т.Г.Шевченко атындағы украин ЭМБ мүшесі Людмила Кравченконың және «Русское землячество» орыс ЭМБ мүшесі Элла Журавлеваның еңбектері іріктеліп алынды.
Сонымен қатар, 1 маусым – Балаларды қорғау күні аясында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымының қатысуымен концерт ұйымдастырылып, кішкентай бүлдіршіндерді сыйлықтармен қуантты.
Іс-шарадан кейін, «Аманат» сыйлығы аясында Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері, «Алтын орда» дизайнерлік үйінің негіз қалаушысы, этнодизайнер, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі Ырза Тұрсынзада «Мәдени дәстүр мен халық қолөнерін жаңғырту» атты шеберлік сағаттарын өткізді. Оған 50-ден астам қыз-келіншек қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06