
25 Қараша, 2016
944
«Мәдениеттер сұхбаты» - шекарасыз достық!
Облыстық Достық үйінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жұлдызды күнінің» үшінші күні Ресеймен шекаралық ынтымақтастық шеңберінде «Мәдениеттер сұхбаты» жастар лагерінің жұмысына арналды.
Қостанайға Челябинскідегі Халықтар достығы үйінен қазақ, татар, армян, неміс және славян мәдениет орталықтарының делегациясы келді. Қостанай Достық үйінің этномәдени бірлестіктері жастар қанатының өкілдері өздерінің іске асырып жатқан жобалары, іс-шаралары туралы қонақтарға айтып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде Челябі өкілдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына және Ресей киносының жылына арналған баяндамаларын ұсынды. Ресей немістері кездесу клубының уәкілі Анна Герман Германия фашистерін жеңуге зор үлесін қосқан кеңестік немістер туралы айтты:
- Николай Гастелло, Николай Гефт, Рихард Зорге – осылардың бәрі өздерінің этникалық шығу тегі бойынша неміс болғанымен, Кеңес одағында туып өскен, бірақ бұрын оны талқыға салмаған және олардың ұлтына ешкім мән берген емес. Осыған қарамастан, XVIII ғасырда Екатерина II манифесі бойынша олардың үшеуінің де ата-бабалары қоныс аударған жерінде туып-өскен елінің нағыз патриоттары болып, Кеңес одағының батырлары атағын алған.
- Ресейде тұрсақ та, біздің Троицк қаласында тұратын қазақ ұлтының өкілдері қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын сақтау және насихаттау бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Біз өзіміздің туған тілімізді ұмытпаймыз, біз дәстүрлі түрде Наурыз мерекесін кең атап өтеміз, - деп айтып кетті Троицк қаласы қазақ мәдениет орталығының белсендісі Венера Шакенова. - Совет одағының Батырлары – 28 панфиловшыларды, Сұлтан Баймағамбетовты, Әлия Молдағұлованы, Мәншүк Маметованы құрмет тұтамыз және есте сақтаймыз. Даңқы ғасырлардан асқан жерлестерімізді мақтаныш етеміз!
Өздерінің негізгі бағдарламаларына қоса Челябинск өкілдері қызықты сәнді-қолданбалы бұйымдар көрмесін әкелді. Коркин қаласының шебері Светлана Зверева қолмен кестелеген сүлгілер, орыстың ұлттық костюмдерін, әйелдердің бас киімдерін ғана әкеліп қоймай, сондай-ақ Ресейде ежелден үлкен мән берілетін қуыршақ-тұмар жасау бойынша шеберлік сабағын ұсынды. Жастар лагерінің тәжірибелік бөлімнен кейін Челябинск өкілдері жаңадан ашылған облыстық мешітке, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасына және сирек кездесетін экспонаттар мұражайы орналасқан Неміс мәдениет орталығына экскурсияға барды.
Жастар лагерінің жұмысы түрлі тілдегі әндер айтылған концерттік бағдарламамен және мерекелік қонақасымен аяқталды. Соңында балалар өз қолымен салынған естелік ашық хаттарымен алмасып, келесі жылы осындай диалог алаңында кездесуге тілектерін білдірді.
«Қостанай облысы әкімдігінің
«Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті