Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қазан, 2015

968

«Мәңгілік Ел-асыл мұратымыз» дөңгелек үстелі

2015 жылғы 6 қазанда Ақтөбе мемлекеттік университетінің ғимаратында «Мәңгілік Ел-асыл мұратымыз» дөңгелек үстелі өтті.

2015 жылғы 6 қазанда Ақтөбе мемлекеттік университетінің ғимаратында «Мәңгілік Ел-асыл мұратымыз» дөңгелек үстелі өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессорлық-окытушы құрамы, студенттер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері.

Дөңгелек үстел модераторы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты - Ү.Қ.Сәрсембин болды.

Дөңгелек үстел барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Білім және тәрбиенің дүниетанымдық және әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Ә. Айталы өз сөзінде «Мәңгілік Ел» идеясы  және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалды реформа – 100 нақты қадам» ұлт жоспарының маңыздылығын атап өтті.

Одан әрі дөңгелек үстелдің құрметті қонағы, республикалық «Парыз» пікірталас клубы жетекшісінің орынбасары, қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім – «Озық 30 елдің қатарына ену-мемлекеттілікті нығайту» тақырыбына баяндама оқыды. «Жалпы қоғамның дамуына Ұлттық интеллигенция айрықша үлес қосады. Экономика мен қоғамның дамуы туралы ой-пікірлер Үкіметке, ҚР Президентінің әкімшілігіне жолдануы қажет. Өйткені оң пікірлер әр уақытта дамытылады және қолдау табады»- деді өз сөзніде Дос Көшім.

«Парыз» клубының хатшысы, философ, публицист Әбдірашид Бәкірұлы: «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспары, озық 30 елдің қатарына қосылу міндеті - мұның барлығы Мәңгілік Ел болу жолындағы жүйелі қадамдар. Мемлекет пен қоғамға берері, келешекке әсері, әрбір жеке адамның өміріне жасайтын ықпалы тұрғысынан бұл шын мәнінде тарихи қадам. Осындай түбейгелі мәселелерді шешуге халықтың, әсіресе ұлттық интеллегенцияның ықпалы мол»,-деді.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-сі, «Қоғамдық келісім» КММ,Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

Кейін қарай