Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Сәуір, 2015

1520

«Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өткізілді.

2015 жылғы 23 сәуірде Астана қаласындағы Бейбітшілік пен Келісім Сарайында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы  Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өткізілді.  

 

2015 жылғы 23 сәуірде Астана қаласындағы Бейбітшілік пен Келісім Сарайында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы  Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өткізілді.  

Сессияның жұмысына 1 500 аса адам қатысты. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқару органдарының, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ басшылары, ЖОО-лар ректорлары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Сессияда ҚХА ардагерлері, шетелдік қонақтар, өңірлерден келген делегаттар, спортшылар, жұмысшы мамандықтарының иелері, бюджеттік, жастар ұйымдары, Тұңғыш қазақстандық шаңғышылар экспедициясының Солтүстік полюске сапарына қатысушылар және т.б.сөз сөйледі.

Сессия барысында Президент Ассамблея Төрағасының  республикалық этномәдени бірлестіктерден ұсынылатын екі орынбасарын тағайындау туралы өкімге қол қойды.

Мемлекет басшысы Ассамблеяның құрылған күнінен бастап қоғамдық келісімнің нығаюына, ел бірлігін дамытуға елеулі үлес қосқан ҚХА мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің белсенділеріне  «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалін, сонымен қатар, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалі» тапсырды.  

Ассамблеяның XXII сессиясының қорытындысы бойынша, Ассамблея Үндеу қабылдады, үндеуде Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Ассамблея жылы бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылықтың, ортақ  Отанымыз – Қазақстан Республикасының көркеюі мен гүлденуіне бастайтын ел бірлігін сақтау жолындағы мызғымас саясаты аясында өтіп жатқаны туралы атап өтілді.

Ассамблея сессиясы жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің негізі, қоғамымыздың рухани императиві - жалпыхалықтық «Мәңгілік Ел» идеясын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жалпыхалықтық құндылықтардың, құқықтық үстемдіктің, мемлекеттік дәстүрлердің, қазақстандық патриотизмнің  сөзсіз басымдығын атап өтті.

ҚХА сессиясы Үндеуде Қазақстанның барша азаматтарын президент сайлауына қатысуға және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған  бейбітшіліктің, келісім мен тұрақтылықтың жалпыхалықтық бағытын қолдауға шақырды.

Осымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы өз жұмысын аяқтады. Сессияның соңында мерекелік концерт ұйымдастырылды. 
____________________
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 20 ЖЫЛ

ҚХА-ның XXII сессиясы Ассамблеяның 20 жылдығы мерекеленетін жылы өткізілді.Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл ҚХА жылы болып жарияланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Конституцияның 20 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша Үкімет қаулысымен Ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. 

1995 жылғы 1 наурызда жаңа институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

Осы тарихи күн егемен Тәуелсіз Қазақстан құруда, заманауи мемлекет түзу жолында, іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүргізуде, бейбітшілік пен бірлік идеясын жүзеге асыруда және Қазақстан халқының қоғамдық келісімін сақтауда  түбегейлі бетбұрыс болды.  

2007 жылы Ассамблея конституциялық орган мәртебесін, конституциялық кепілденген парламенттік өкілдік  – ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығын иеленді.

2008 жылғы 20 қазанда қабылданған «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң Ассамблея жұмысы мен құрылымын нормативтік-құқықтық реттеуді, елдің қоғамдық-саяси жүйесіндегі оның орны мен рөлін айшықтап, конституциялық парламенттік өкілдікті заңнамалық қамтамасыз етті.

Ассамблеяның негізгі стратегиялық құжаттары - «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы» қабылданды.

20 жыл ішінде Ассамблея Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастыруда беделді буынға айналды. 

Ү.ж. өткізілген ҚХА-ның қоғамдық маңызды атаулы іс-шаралары 2015 жылғы 6 ақпанда Астана қаласында, облыс және аудан орталықтарында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы салтанатты түрде ресми ашылды. Салтанатты ашылу рәсімі барысында 9 республикалық конкурстар жарияланды, ҚХА жылының Туы көтерілді. 

Республиканың 2 800 елді мекенінде барлығы 1 млн. 375 мың адам қатысқан 4 120 іс-шара өткізілді. 

2015 жылғы 28 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылғанына 20 жыл толуына арналған  «Менің Қазақстаным» атты Қазақстан халқының форумы өткізілді. 

Форум аясында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының қорытындысы шығарылды, өңірлерден келген делегаттар жастардың республикалық «Қамқор» патриоттық жобасы және «Тарих тағылымы» атты қазақстандық кино күндерін жариялады. ҚХА-ның 20 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілді. 

5-11 сәуір аралығында Шымкент қаласында Қазақстанның этностық театрларының ІІІ республикалық фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында отандық және қазіргі заман авторларының шығармаларынан этностық театрлар ұжымдарының орындауында қойылымдар ұсынылды.

Фестивальдық спектакльдердің қойылымдары 6-9 сәуір аралығында күн сайын сағ.11.00-де және 19.00-де көрермендер назарына ұсынылды. Барлық спектакльдерге кіру тегін ұйымдастырылды. 

21 наурызда Астана және Алматы қалаларында, облыстарда Наурыз мейрамына арналған «Бір ел – бір тағдыр» атты ҚХА фестивальдері өткізілді.16 наурызда және 27 наурызда Көкшетау мен Тараз қалаларында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты республикалық форум өтті.

2015 жылы ҚХА-ның ірі әлеуметтік акциялары мен жобалары жүзеге асырылуда. 

Елімізде ақпан-сәуір айларында «ҚХА – 20 ізгі іс» атты республикалық акция өткізілді. Акцияның нышаны  - қасиетті Түркістан қаласынан жеткізілген, халықтың бірлігі мен берекесін бейнелейтін «Тайқазан» болды.
«Тайқазан» өңірден өңірге «қайырымдылық істерге толтырылып», ҚХА-ның ХХІІ сессиясы қарсаңында Астанаға қайта оралды. 

 «ҚХА – 20 ізгі іс» акциясы аясында 35 мың адамға көмек көрсетілді. 620 мың адам қатысқан 2500 іс-шара өткізілді. Іс-шаралар тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне, соғыс және тыл ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне атаулы көмектер көрсетуге бағытталды. Акция барысында әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілер салынып, іске қосылды, 1000 ағаш отырғызылды, барлық өңірлерде партиоттық акциялар өткізілді.

Сонымен қатар, «ҚХА – 20 ізгі іс» акциясы аясында ҚХА, этномәдени бірлестіктер мүшелері су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына көмек көрсетті. Көмек көрсету пункттері ашылды. «Қарағанды облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек қоры» қоғамдық қорының арнайы шотына 12 млн. 400 мың теңге аударылды. 102 тонна гуманитарлық көмек – азық-түлік, медикаменттер, тұрмыстық химия заттары, киім, жиһаз жөнелтілді, көмек көрсету әлі де жалғасуда.

Республикалық «ҚХА – 20 ізгі іс» акциясы 2015 жылдың соңына дейін жалғасады. 

2015 жылғы 23 наурыздан бастап 22 сәуірге дейін 30 күн ішінде еліміздің 29 елді мекенін аралап шыққан «Менің Қазақстаным» пойызы» атты республикалық акция өткізілді. Ауқымды әлеуметтік акцияның мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауларының негізгі тарауларын халыққа түсіндіру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының насихаттау, тұрғындарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызмет көрсету, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту туралы кеңестер беру, мәдени және қоғамдық, т.б. іс-шаралар өткізу.

Акцияға ҚР Парламенті депутаттары, ҚХА мүшелері, ЭМБ жетекшілері,  «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері, қазақстандық танымал орындаушылар, жоғары білікті дәрігерлер, заңгерлер, аграршылар қатысты.

Министрліктер мен ведомстволардың мамандары 4,5 мыңнан аса әлеуметтік, медициналық, құқықтық және басқа кеңестер берді. Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық қабылдауларында ҚР Парламенті депутаттары 320 аса адамды қабылдады.Көптеген мәселелер жергілікті жерлерде шешімін тапты.

9 мың 200 ден аса адамға республиканың жетекші мамандарымен медициналық көмек көрсетілді. Жеке маршрутпен алыс бекеттер мен аялдамалардың 20 мың тұрғындарына «денсаулық пойыздары» - «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздары медициналық көмек көрсетті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен бірлік үлгісінің таныстырылымына алыс елді мекендердің 6 мың тұрғыны,  «Менің Елім - Мәңгілік Ел!» көрмесіне 5 мың 300 адам қатысты.

20 мың жастар өкілдерінің қатысуымен патриоттық акциялар, флеш-мобтар, КТК ойындары өткізілді.

Пойыздың жүру жолында ҚХА-ның «Теңдессіз сыйлық» қайырымдылық акциясы аясында кітапханаларға мемлекеттік этносаясат бойынша ғылыми еңбектер тарту етілді.

Пойыз тарихи орындарға тоқтап, «Менің Шоқаным», «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым - 2015», «Абаймен кездесулер» жобалары бастау алды. .

Акция аясындағы іс-шараларға барлығы 920 мың адам қатысты.

ҚХА-ның «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жробасының екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Оған әлеуметтік бағдар берілді. 

2014 жылғы 1 наурыздан бастап «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының аясында республика бойынша 2738 елді мекенде 1 млн 562 мыңнан аса адамның қатысуымен әлеуметтік бағыттағы 6600 іс-шаралар өткізілді. Тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне жататын 86 мың адамға 153 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік қоржыны, тұрмыстық техника, медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер, киім-кешектер және т.б. материалдық қолдау көрсетілді.
Наурыз және мамыр айлары аралығында ҚХА «Асар» атты әлеуметтік ынтымақ акциясын және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық жасау айлығын өткізеді.

ҚХА жылы аясындағы түрлі бағыттағы іс-шаралар 2015 жыл бойы жалғасады. Ассамблея жылының қорытындысы 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан халқының форумында шығарылады.

ҚХА жылы – нақты істер жылы. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы, бейбітшілік жылы. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы – Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің салтанатының жылы. 

________________

Кейін қарай