Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2016

997

«Мәңгілік ел» – болашақтың бастауы, бірліктің негізі

Бүгін Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мәңгілік Ел» – болашақтың бастауы, бірліктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны ҚарМУ тарих факультетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен облыстық ҚХА ұйымдастырды.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры А. Қалықов өз сөзінде: «Мәңгілік Ел» қазақ халқының ғасырлар бойғы арманына негізделіп қоймай, егемендігіміз еншімізге тиген жылдардағы жеңістердің жемісті нәтижесіне де бағытталған. Заманауи Қазақстанның ең басты артықшылығы – Елбасының сауатты саясаты мен мемлекетіміздің мықты әлеуетінде. Ел тұрғындары мәңгілік ел құру жолында жалықпай еңбек етуге дайын интеллектуалды жетілген, патриотты азаматтар десек артық айтқандық емес. Сол себепті қазақстандықтар дамыған елдердің алдыңғы қатарына кірген, мерейі үстем мемлекетте тұруға әбден лайықты», - деп атап өтіп, осы тарапта біздің басты мақсатымыз Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіруді қамтамасыз ететін Қазақстан-2050 стратегиялық құжатын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс екенін баса айтты.

Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ж. Жұмабеков бүгінгі іс-шараға жүктелген міндет барша қазақстандықтар үшін елеулі екеніне тоқтала келе: «Қазіргі таңда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де қызу талқыға алынған. Елбасы аталмыш идеяны жариялаған сәттен газет-журнал беттері мен радио-телевизияларда насихатталып, түрлі ғылыми конференцияларда тақырып арқауы болып келеді. Бүгін біздің оқу ордамызда да «Мәңгілік Ел» идеясының іске асырылуына өз үлесіміз қосуға жиналдық», -деп қорытындылады өз сөзін.

Дөңгелек үстел жұмысында Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңыздылығына мән берілген баяндамаларымен таныстырды. Баяндамашылардың пікірінше «Мәңгілік Ел» идеясы жастарды патриоттық бағытта жетілдіруге арналған бірегей құжат.

Дөңгелек үстелге қатысушылар,  сондай-ақ, Ұлт жоспарының қазақстандық біртектілік пен халықтар бірлігін нығайтуға бағытталған төртінші бағытын талқылады. Президент Н. Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын алғаш рет жариялады.  Аталмыш Жолдауда Елбасы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жасап, өңдеуде саяси және қоғамдық күштердің бейтарап қалмауын тапсырған болатын. Ұлт көшбасшысы жылдан-жылға қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға арналған нақты міндеттерді жүктеп, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның алға суырылып шығуына зор мүмкіндік беретін берекелі жыл болмақ деп жеткізгені есімізде. 

Кейін қарай