05 Қазан, 2015
1191
«Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ел» атты Республикалық патриоттар форумы
2015 жылғы 5 қазанда сағ. 10.00-де Астана қаласындағы «Қазақстан» Орталық киноконцерт залында «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ел» атты Республикалық патриоттар форумы өтті.
2015 жылғы 5 қазанда сағ. 10.00-де Астана қаласындағы «Қазақстан» Орталық киноконцерт залында «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ел» атты Республикалық патриоттар форумы өтті.
Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен 2 мыңнан астам делегат қатысты. Олар өз мамандықтарының үздік өкілдері: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, ауылшаруашылығы қызметкерлері, табысты кәсіпкерлер, ғалымдар, жас көшбасшылар, қоғам қайраткерлері, жеңімпаз спортшылар, талантты актерлер, мәдениет қайраткерлері және т.б.
2007 жылдан бастап Патриоттар форумы жылдың айтулы іс-шаралары аясында Қазақстанның әртүрлі қалаларында өткізіледі. Биылғы Форум Мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясына арналды.
«Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясы – Тәуелсіздік және Астана, ұлттық бірлік, ынтымақ және келісім, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік және адалдық, шынайылық және патриотизм сияқты негізгі біріктіруші құндылықтардан тұрады. «Мәңгілік Ел» идеясы бізді қиын-қыстау замандардан алып шыққан және жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіретін тәжірибе мен барлық құндылықтарды жинақтайды.
ҚХА Төрағасының орынбасары–Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов өз сөзінде: «Жыл сайынғы өткізілетін патриоттар форумы дәстүрге айналды. Бүгінгі форумның алатын орны ерекше. Өйткені ол ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы тойланатын Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында өтуде. Бұл мерейтойлардың негізінде біздің ортақ жеңісімізді қамтамасыз еткен Қазақстан халқының бірлігі жатыр. Елбасы тапсырмасын орындауда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің әр өңірінде «Менің Елім-Мәңгілік Ел» атты ауқымды акциясын өткізді. «Мәңгілік Ел» идеясын қолдауда 10000 астам ұсыныстар мен үндеулер жиналды»,-деді.
Форум аясында «Жыл патриоты» атты жыл сайынғы байқаудың салтанатты қорытындысы шығарылды. Байқауда ерлік көрсеткен, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілігін күнделікті еңбегі мен нақты істерімен дәлелдей білген қазақстандықтар жеті номинация бойынша марапатталды. Олар Қазақстан халқының жеңістері мен жетістіктерінің тарихындағы ел патриоттарының алтын тізіміне енгізіледі.
Патриоттар форумында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты бес институционалдық реформасының аясында іске асырылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы қаралды.
Бұл – қазақстандық бірегейлікті нығайтуға және «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде бірыңғай азаматтық бірлікті қалыптастыруға арнайы іс-қимылдар бағдарламасы. Жоба аясында патриоттық тәрбие басымдықтарын, Болашағы Біртұтас Ұлтымыздың зияткерлік, мәдени және рухани құндылықтарын алға бастыруға бағытталған кең ауқымды акциялар мен әлеуметтік жобалар кешені өткізілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті