Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Маусым, 2016

939

«Мәңгілік Ел құндылықтары»

2016 жылғы 20 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мәңгілік Ел құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты әрбір азаматқа еліміз туралы көбірек білуге көмектесу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту болып табылады.

Дөңгелек үстелді «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Шерниязова Г.К. кіріспе сөзбен ашып, дөңгелек үстел баяндамашыларына сөз берді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушысы Д.Мацюк пен КММ мониторинг және сараптама  бөлімінің басшысы Ү.Сәрсембин «Мәңгілік Ел – как ориентир современного Казахстана», «Ұлттық идеядағы мемлекеттік тұтастықты қалыптастырудың тұғырнамалары» тақырыптарында баяндамалар жасады. 

   

 

 

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

тел.: 8-7132-55-83-42

e-mail: kogamdykaktobe@mail.ru

Кейін қарай