Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Мамыр, 2016

1037

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант қазақ тілінде өтеді

 

2016 жылғы 18 мамырда сағат 11.00-де еліміздің барлық облыстары, қалалары және аудандық кітапханалар мен ЖОО-да (синхронды түрде) Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант қазақ тілінде өтеді.

Құрметті қазақстандықтар, елге деген патриоттық сезімдеріңізді нығайта түсетін, сондай-ақ қазақ тілінде қаншалықты сауатты жазатындарыңызды тексергілеріңіз келсе, Сіздерді «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысуға шақырамыз!

Астана қаласында бұл диктант ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) өтеді.

 

 

«Қоғамдық келісім»РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

 

Кейін қарай