19 Мамыр, 2016
826
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктантты өткізу бойынша алдын ала жасалған ақпарат
Диктант барлық өңірлерде бір мезгілде 2016 жылғы 18 мамырда сағат 11.00-де өткізілді.
Диктантты өткізудің негізгі мақсаты: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің қағидаттарын кеңінен тарату, мемлекеттік тілдің беделін арттыру және жеке сауаттылық деңгейін тексеруге мүмкіндік беру.
Бұл акция қазақстандықтардың азаматтық және өмірлік белсенді ұстанымдарының көрінісі ретінде қарастырылды.
Еліміздегі барлық деңгейлердегі кітапханалар, соның ішінде жоғары, арнайы оқу орындарының кітапханалары Қазақстан халқы Ассамблеясының басты серіктестері болды. ҚХА бастамасын өңірлік білім беру және мәдениет басқармалары белсенді түрде қолдады.
Қатысушылардың құрамы әртүрлі болды: олар – мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, ұлттық компаниялардың өкілдері, әскері қызметшілер, жоғары, арнайы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер. Ерекше санаттағылар – этномәдени бірлестіктердің өкілдері де өздерінің мемлекеттік тілде қаншалықты сауатты жазатындарын тексерді.
Алдын ала жасалған қорытындылар (18 мамырдағы сағат 18.00-дегі жай-күйі бойынша) мынадай:
- Диктант Достық үйлерінде, түрлі деңгейлердегі кітапханаларда, оқу орындарында, тілдерді оқыту орталықтарында (алдын ала жасалған есеп бойынша - 1000-нан астам орында) өткізілді.
- Қатысушылардың саны – 50000-нан астам адам.
Бұл іс-шараны үнемі өткізіп тұру туралы, үздік жұмыстарды ынталандыру жүйесі туралы, сондай-ақ, қыркүйек айында, Тілдер күні қарсаңында оқушылар үшін арнайы диктант жазуды ұйымдастыру туралы ұсыныстар келіп түсті.
Жұмыстарды тексеру қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстар алғыс хаттармен атап өтілетін болады және жақсы жұмыстардың тізімі ҚХА порталында жарияланады.
«Өте жақсы» деген баға алған диктанттар саны аса көп емес, солай болғанымен де, диктант жазуға келгендердің көңіл-күйлері көтеріңкі, осындай диктант жазу іс-шарасына қатысуға қанағаттанушылар саны басым. Ұйымдастырушылар диктант жазу кезінде қатысушылардың патриоттық, тілге қызығушылық, оның дамуына тілектестік сезімі айқын көрінгенін атап көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37