26 Қазан, 2016
769
«Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы колледжде өтті.
Тараз қаласындағы медициналық колледжде өткен «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы тарихи мәні бар документалды кадрлардан басталды, онда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз, қазақстандықтар біртұтас халықпыз! Біздің ортақ тағдырымыз – ол Мәңгілік Ел, біздің ұлы Қазақстан!» деп атап өтті.
Бұл акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Акцияға әртүрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысып отыр.
«Мәңгілік Ел» - еліміздің болашағы жолындағы жасампаз шығармашылық жоба. Ол көпұлтты халқымыздың бірігуі мен келісімі, жастарымызды патриоттық сезімде тәрбиелеу жолындағы идеологиялық тұжырымдама. Президентіміздің сарабдал саясаты мен халқымыздың арқасында біз «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында қолдан келгенді аямаймыз. Біздің күшіміз – бірлікте!», - деп атап өтті жиналғандар алдында Өзбек этномәдени бірлестігінің вице-президенті, ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов.
«Елімнің азаматы ретінде «Мәңгілік Ел» идеясын мен шын жүректен қабыл алдым. Ол дегеніміз – ортақ мақсат, ортақ мүдде, жарқын болашақ»,- деді өз сөзінде «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев. Сонымен қатар акцияға жиналғандар алдында медициналық колледждің оқытушысы Сандуғаш Шалданбаева мен студенттер кеңесінің төрағасы Ернұр Жанұзақ та сөз сөйледі.
Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Мейірлан Бегалиев, «Арт-Мэн» дуэті мен «Серт» триосына жиналғандар зор қошеметтерін білдірді. Патриоттық акцияның соңғы аккорды ретінде жиналғандар бірігіп «Туған жер» атты әнін орындады
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті