Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2016

808

«Мәңгілік Ел» пойызы Шымкент қаласында

Құрамында мәдениет және спорт қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әртістер бар «Мәңгілік Ел» пойызы» наурыздың 14 күні Шымкент шахарына келіп тоқтады.

Теміржол вокзалында делегацияны Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов  және өңір тұрғындары салтанатпен қарсы алып, сол жерде арнайы митинг өткізді.

«Біздің байлығымыз – бірлікте!» - деген делегация өкілдері алғашқы кездесуін «Қоғамдық келісім» мекемесінде облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің, облыстық ассамблея,  Қоғамдық келісім кеңесі және Аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткізді.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел» пойызы бүгінгі күнге дейін еліміздің 28 елді мекенінде болып, жергілікті халыққа медициналық, әлеуметтік, құқықтық мәселелер, мемлекеттік қызмет көрсету мен кәсіпкерлік саласы бойынша кеңестері мен көмектерін көрсетіп келеді. Бүгінде Ассамблея жанынан құрылған әр түрлі қоғамдық құрылымдардың барлығы елдегі бірлік пен ынтымақты нығайту үшін қызмет етеді. Бұл құрылымдардың кейбірі жаңадан құрылған. Біз оларға қалай жұмыс істеу керек екенін түстіндіріп жатырмыз. Қазір Қазақстанды кез келген ұлт өкілі мақтан тұтады, Отаным деп таниды. Осының бәрі бірлік пен татулықтың арқасында болып жатқан дүние», - деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-і директорының орынбасары Т.Жақиянов.

Түс ауа делегация мүшелері облыстық «Отырар» ғылыми - әмбебап  кітапханасында «Теңдессіз сый» акциясын өткізіп, облыстық этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарына толықтай жауап алып, осындай акцияларды жиі және шалғайда орналасқан елді мекендерде өткізуді ұсынды.

Іс-шара «Түркістан» сарайында өткізілген эстрада жұлдыздарының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламасына ұласты.

   

   

 

                                                                   ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы,

облыс әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ-нің

баспасөз қызметі, тел: 8 775 (771) 137-06-82

Кейін қарай