19 Мамыр, 2016
1725
Мәңгілік Ел тақырыбында ашық диктант өтті
«Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 18 мамыры күні сағат 11.00-де республикамыздың барлық аймағында бір уақытта жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Ақмола облысы бойынша диктант жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының кітапханалары мен облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі барлық кітапхана залдарында өтті. Ашық диктанттың тақырыбы «Мәңгілік ел патриоттық актісі». Бұл игілікті іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлықты арттырып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Жалпықазақстандық ашық диктант барлық кітапханаларда бір уақытта, яғни сағат 11.00-де басталып, оқырман залдары диктант жазуға ниет білдірген жандарға толы болды. Игілікті іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі. Облыстық кітапханадағы диктанттың ашылуында құттықтау сөз алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Марал Жақыпова: «Бұл игілікті іс-шара мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеруге бағытталып отыр. Бүгінгі диктантқа түрлі ұлт өкілдері мен жастардың белсенділік танытуы, бүгінгі қоғам мүшелерінің белсенді азаматтық позициясын көрсетіп отыр» - деп атап өтіп, жиналған қауымға сәттілік тіледі.
Облыстық кітапхананың оқырман залында 130-дан астам адам жиналса, жалпы Ақмола облысы бойынша 4500-ге жуық адам аталмыш іс- шараға қатысқан. Мәңгілік Ел тақырыбында жазылған диктантты филологтар мен қоғам қайраткерлерінен құралған тексеру комиссиясы тексеріп, үздік деп таныған жұмыстарды Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттайтын болады.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті