15 Наурыз, 2016
1219
«Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты облыстық жастар сенбілігі
2016 жылдың 12 наурызында Көшек батыр көшесінде орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының маңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Тараз қаласы әкімдігімен бірлесіп «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты облыстық жастар сенбілігі патриоттық акциясы өтті.
Акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Наурыз мерекесінің аясында, қала көшелері мен саябақтарды көгалдандыру және абаттандыру, ағаш отырғызу, көне қаламызды, жастардың, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар орталықтарының жастарын экологиялық, патриоттық сезімін арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында өтті.
Акцияға облыс жастары мен этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар орталықтарының жастары жұмылдырылып, олар айналаны көгалдандыруға, қала көшелерін тазартуға, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға атсалысты.
Жылдағы дәстүр бойынша өткізілген сенбілік аясында тал көшеттері отырғызылып, автокөлік жолдарының бойы және ғимараттардың маңы күл-қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы осы бағытта облыс Қазақстан халқы ассамблеясы тарапынан, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын әрі қарай жандандыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға баулу мақсатында «Мәңгілік ел – Жасыл ел!» патриоттық акциясы өз жұмысын жалғастырады.
Іс-шараға облыс Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен өкілдері, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар орталықтарының жастары, жоғары және оқу орындарының студенттері, облыс орталығының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті