17 Қыркүйек, 2015
2708
«Мәңгілік елдің жарық жұлдызы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция
2015 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің жарық жұлдызы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
2015 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің жарық жұлдызы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.
Конференцияға Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Ә.Өнербаев, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғ.Т.Телебаев, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Л.Қ.Еркінбаева, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары мен этномәдени орталықтардың төрағалары қатысты.
Іс-шара барысында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректорының орынбасары Ләззат Қалымбекқызы жиналған қауымға өзінің құттықтау сөзін арнады. Облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, Ассамблея жылы аясында өткізіліп жатқан шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Конференцияға қатысушылардың бірі, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғазиз Тұрысбекұлы өз сөзінде Шоқан Уалихановтың 180 жылдық мерейтойына байланысты республика көлемінде өткізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар конференцияда «Шоқан Уалихановтың ізімен» атты фильмі көрсетіліп, ғалымдар өздерінің баяндамаларын оқыды. Ал Талдықорған қаласының №25 орта мектеп оқушыларының «Шабыт» студиясы қала тұрғындары мен қонақтарының назарына Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған «Аққан жұлдыз» атты көрінісін ұсынды.
Конференция аясында өткізілген іс-шаралар қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен КМФ микроқаржы ұйымының бірлесе ұйымдастырған «Келісім – бірлік бастауы» мерекелік шарасы.
2015 жылғы 17 қыркүйекте конференция қатысушылары Кербұлақ ауданындағы Ш. Уәлиханов бейітінің басында құран бағыштап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Шоқан Уәлиханов атындағы мұражайдың, аудандық мәдениет сарайының қызметкерлері мен Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп ұстаздарымен оқушылары қонақтарға арнап театрландырылған көрініс қойып, концерттік бағдарламаларын арнады.
Іс-шара соңында қатысушылар мұражайдың экспозицияларымен танысып, экскурсия ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29